Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет


 30.09.2016ж. 

Ұлы дала ұлағаттары

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарық көрген «Ұлы дала ұлағаттары» атты еңбегінің аясында Жас ғалымдар мен студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Ұйымдастырушылар: ЭжБЖМ декан орынбасарыэ.ғ.к. доцент Бимендиева Л.А., аға эдвайзерлер және «Сұнқар» студ.белсенділері.

 

 

 

 

 

11.10.2016ж,сағат 17.30-да, №16 студенттер үйінің акт залында

Жырлайды жүрек. «100 кітап» аясында «Экономика»мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. 

 

 

 

 03.11.2016 ж.

100 кітап» шарасы аясында «100 кітап» жобасы аясында "Экономика" мамандығының 3 курс  студенттері барлық ниет білдірушілерді  Майкл Льюисттің "Большая игра на понижение. Тайные пружины финансовой катастрофы" кітабын талқылау жөніндегі тәрбие шарасына қатысуға шақырды.

 

 

30 қазан 2016ж.

"Культ здорового тела" жобасының аясында. «Тәні саудың – жаны сау» жобасының  аясында «Экономика» кафедрасы және "Экономика" мамандығының 1 курс студенттері барлық ниет білдірушілерді «Медеу» мұз айдынына шақырды.  

 

 
   

29.10.2016ж. Студенттер үйінің мәжіліс залында

Менің қалама 1000 жыл. «Айналаны нұрландыр» бағдарламасында «Экономика» кафедрасы «Менің қалама 1000 жыл» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 

14.11.16ж., №16 Студенттер үйі

Салауатты өмір салты. «Экономика» кафедрасы «Салауатты өмір салты» жобасы аясында үстел теннисінен спорттық жарыс өткізілді. 

16 қараша 2016 ж., ЭжБЖМ 1-зал

Макроэкономика пәнінен олимпиада! ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы мен «Экономика» мамандығының 2-курс магистранттары 2 курс студенттері арасындағы Макроэкономика пәнінен олимпиада өткізілді. 

   

10.11.16 ж.

Адамдық борышың «100 кітап» жобасы аясында «Экономика» мамандығының 2курс  студенттерінің қатысуымен Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған «Адамдық борышың» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 

   

17.11.2016 ж.

Өрт және техникалық қауіпсіздік.

Қаз ҰУ Азаматтық қорғаныс, еңбекті қорғау және  техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мамандарының қатысуымен «Өрт және техникалық қауіпсіздік» тақырыбында кеңес-дәрісі өткізілді. 

   17.11.2016 ж.

ОРВИ, грипп и их профилактика.

Қалалық студенттік емхана МКК  дәрігер-кеңесші мамандардың қатысуымен «ОРВИ, грипп и их профилактика» тақырыбында кеңес-дәрісі өткізілді. 

2016  жылғы  29 қазанда 

Алматы қаласының әкімі. А. Байбектің тапсырмасына сәйкес кең ауқымды қалалық сенбілікке байланысты «Экономика» кафедрасы аға куратор Тураров Д.Р. 1 курстың қазақ және орыс бөлімі, сонымен қатар 3 курс қазақ бөлімінің студенттерімен ат салысып өте жақсы өткіздік.

 

 

 30.11.16ж.

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Экономика» кафедрасының оқытушылары мен 4 курс студенттері Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашық эдвайзерлік сағат өткізілді.

   

04.12.16ж.

«Ақ үміт» балалар үйі.«Айналаңды нұрландыр» жобасы  аясында Алматы қ., Наурызбай ауданы, Ақжар кентіндегі «Ақ үміт» балалар үйінде «Экономика» мамандығының 1,2,4 курс студенттерімен  қайырымдылық  іс-шарасы өткізілді. 

 

  География және табиғатты пайдалану факультеті

1 зал, 2016 жылдың 26 қарашасы

 

«Экономика негіздері» пәнінен олимпиада.«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 6D050600-Экономика мамандығының 1-2 курс докторанттары мен «Экономика» кафедрасының оқытушылары  «Экономика негіздері» пәнінен География және табиғатты пайдалану және Биология және биотехнология факультеттерінің 2-курс стденттері арасында пәндік олимпиада өткізілді.  

  2016 жылдың 5 желтоқсаны,  ЭжБЖМ, 5 залы

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 6D050600-Экономика мамандығының 1-2 курс докторанттары мен «Экономика» кафедрасының оқытушылары  «Экономика қағидалары» пәнінен ЭжБЖМ 1-курс студенттері арасында пәндік олимпиада өткізілді.  

   25 ақпан 2017 ж., ЭжБЖМ, 210 ауд.

«100 кітап» шарасы аясында

«100 кітап» жобасы шеңберіндегі «Көшпенділер» Ілияс Есенберлин атты  тәрбие шарасы  өткізілді.

   15.03.2017ж., ЭжБЖМ, 431ауд.

«100 кітап» жобасы аясында 

«Экономика» мамандығының 2курс студенттері «Қазақстандық жол» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 

   4 сәуір, 2017 жыл, 17.00 сағ.

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Экономика кафедрасы  ЭжБЖМ –нің №16-Студенттер үйінде дастархан мәзірі мен концерттік  бағдарламасы қарастырылған «әз-Наурыз - жыл басы мейрамы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 

   28.04.17 ж., ЭжБЖМ, 5 залы

 «Айналаңды нұрландыр»  жобасының аясында «Экономика» кафедрасының професорлық-оқытушы құрамы «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның  активтерді басқару департаментінің директоры Мурат Акиновтың «Қазақстанның қор биржасындағы капиталды басқару. Қазақстандағы активтерді басқарушы мансабын құру» атты тақырыптағы дәрісін ұйымдастырылды. 

13 наурыз 2017 ж., әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі», №107 коннференц-залы

 ЭКСПО 2017 – Болашақэнергиясы.

2017 жылдың 13 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» ұйымдастырылатын «ЭКСПО 2017 – Болашақ энергиясы» тақырыптарында семинар өттті. 

   

10 наурыз 2017 ж., әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялықпаркі», №107 конференц-залы 

 

Автоматтандырудың өндіріс процесіне тигізетін тиімділіктерін талдау

2017 жылдың 10 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде»ұйымдастырылған “Автоматтандырудың өндіріс процесіне тигізетін тиімділіктерін талдау» тақырыптарында семинар  өттті.

   9 наурыз 2017 ж., әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі», №107 конференц-залы

 Оңтүстік Корея еліндегі технологиялық парктың жетістіктері мен тіжрибелері

2017 жылдың 9 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» ұйымдастырылған  «Оңтүстік Корея еліндегі технологиялық парктың жетістіктері мен тіжрибелері» тақырыбында семинар өтетті.

 

 

Экономика кафедрасындағы тәрбие жұмысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тәрбие жұмысы жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылған.

Студенттермен мәдени-тәрбие жұмыстары тікелей сабақ уақытында да, топта, сонымен қатар олардың оқудан бос кездерінде жүргізіледі. Осы тұрғыда патриоттық, оқу, еңбек және мәдени-эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді.

Кафедраның тәрбие жұмысының негізгі компоненттері университеттік білім беру деңгейіндегі шығармашылық, бәсекеге қабілетті, өзін шығармашылық тұрғыда ылғида жетілдіруге талпынатын интеллигент тұлғаны қалыптастыруды негізге ала отырып жобаланады және жүзеге асырылады.

Оқу-тәрбие жұмысын тұрақты түрде жүзеге асыру үшін университетте эдвайзерлер институты жұмыс істейді. Оқу жылының барысында эдвайзерлер студенттердің білім беру бағдарламаларын меңгеру үрдісін қолдау мақсатында олармен ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

Экономика кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес

- студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына;

- сапалы білім алуды насихаттауға;

- жеке жауапкершілікті қалыптастыруға;

- азаматтық ұстанымын нығайтуға;

- позитивті құндылықтық бағдарларын дамытуға;

- шығармашылық белсенділігін шыңдай түсуге;

- ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіруге;

- салауатты өмір салты туралы көзқарасын қалыптастыруға;

- рухани және тәндік тұрғыда өзін-өзі жетілдірудің дағдыларын бойына сіңіруге;

- корпоративті бірлік сезімін қалыптастыруды қолдауға бағытталған әртүрлі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Кафедрадағы тәрбие жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі:

- эдвайзерлік топтардағы кураторлық-эдвайзерлік қызмет;

-жалпы факультеттік және жалпы университеттік іс-шараларда қатысу;

- жатақханадағы тақырыптық кезекшіліктер.

Көрсетілген бағыттар бойынша кафедра тәрбие жұмысын жүргізудің келесі нысандары бар:

- студенттердің үлгерімдері мен оқу үрдісінің барысын бақылау жүргізу;

- студенттердің басшылық пен кафедра оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру;

- студенттердің конференцияларға, конкурстарға, семинарлар мен жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету және т.б.

 

Соңғы жаңарту күні: 07.12.2015