Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

ТҮРКСОЙ КАФЕДРАСЫНЫҢ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН – «WELCOME PARTY» ШАРАСЫ

ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтің Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап өткеніндей, елімізде 2019 жыл - «Жастар жылы» деп қабылданған болатын. Президенттің осы жолдауы аясында қазанның 4-ші жұлдызында 1 курс студенттерінің танымдық қабілеттерін арттыру және жастар арасында өзара татулықты нығайту мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасында 1 курс студенттеріне арналған – «Welcome party» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара факультет деканының оқу – әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Е. Канафьева және Түрксой кафедрасының меңгерушісі Ү.Т.Қыдырбаеваның 1 курс студенттеріне деген ыстық лебіздерінен бастау алып, 2-4 курс студенттерінің өнерлерімен жалғасын тапты. Атап өтетін болсақ: жоғарғы курс студенттері түрік тілінде ән айтып, түрік халқының дәстүрлі «халайы» биін орындап, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтіп келген студенттеріміз шетелдегі студенттік өмірлерімен алған әсерлерін естелік- видеоларымен бөлісті. Университет табалдырығын алғаш аттаған 1 курс студенттеріне болашақта күтіп тұрған белестеріне деген ақыл кеңестерімен бөлісіп, интелектуалды ойындар және әр – түрлі қызықты жарыстармен кештің өңілді көтуіне ат салысты.

Яғни атқарылған бұл іс шара студенттерді біріктірудің алғашқы қадамы болып табылады. Себебі бұл мерекеде студенттер бір-бірімен танысып қана қоймай, өз өнерлерін көрсетіліп алдағы жылдарға тәжірибе жинады және мерекелік сәт студент өміріндегі ең жарқын, ең ұмытылмас кезеңнің бастамасы болып табылады деген сенімдеміз. Бұл іс-шара болашақта кафедрамызда дәстүрге айналмақ.

Шараның бас ұйымдастырушысы Түрксой кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Монтанай Эльмира Әзімбайқызы.

"Bu Bahar Başka Bahar" атты кешіміз

Müzik evrenseldir. Aynı dilde olmasa da notayla buluşan enstrüman aynı duyguları hissettirecek kadar güçlü ve etkileyicidir. Ezgilerin sihriyle şarkıların, türkülerin sanatçısı ozanlarımızı; sözcüklerin sihriyle şiirleri yazan şairlerimizi KAZNU çatısı altında "Bu Bahar Başka Bahar" adlı şiir ve müzik dinletimizde andık. Öğrencilerimizin bu etkinlikteki hevesleri, gayretleri ve başarıları bu dönem sonu etkinliğimizde görülmeye değerdi. Türk şiirleri okudular. Ayrıca türkülerimizi seslendirdiler. Bir öğrencimiz Kazak dansıyla katkıda bulunurken Türkiye'den gelen müzisyen arkadaşımız Rehim Gülmez bağlamasıyla ve güzel sesiyle bizlerle bir arada oldu. Kendisinin de Kazak türkülerinden çalıp seslendirmesi iki kültürü bir araya getirmesiyle etkinliğe damgasını vurdu.

Әуен әмбебап болып табылады. Бір тілде болмаса да, музыка әуендерімен бір ортаға алып келген инструмент бірдей сезімдерді көрсететіндей мықты әрі әсерлі. Жыршылардың сиқырымен әндерді, саз өнертанушылары ақындарымызды, сөздердің сиқырымен өлеңдерді жазған жыршы-ақындарымызды ҚазҰУ төрінде "Bu Bahar Başka Bahar" (Бұл Көктем Басқа Көктем) атты өлең және музыка кешінде еске алдық. Студенттеріміздің бұл іс-шарамыздағы ерекше әсерлерін, көрсеткен еңбектері мен жетістіктерін осы жыл соңы ұйымдастырылған кешімізде көру өте маңызды еді. Түрік өлеңдері саздың сүйемелдеуімен оқылды. Студенттеріміздің бірі қазақ ұлттық биімен өз үлесін қосып, Түркия Республикасынан арнайы келген қонағымыз Рэхим Гюлмез баглама және тамаша даусымен бір арада өнер көрсетті. Қазақ сазыда ойнап, екі мәдениеттің бір арада ұштасуы кешімізді одан әрі нәрлендірді.

Түрксой бөлімінің аға оқытушысы Селенай Балоглу

 

Кафедрамыздың шетелдің оқытушылары

3 ay gibi kısa bir sürede sanki yıllardır buradaymışım hissini yaşadığım buradaki samimi insanlarla aynı fakültenin bir ferdi olmaktan mutluluk duyuyorum. Ortak ata kültürümüzün birleştirici unsurlarını öğrencilerimizle keşfetmek onlarla aynı dili konuşmak Türkçe çatısı altında buluşmak mükemmel bir deneyimdi. Dersi ötesine taşıyarak Yunus Emre'nin "Gelin tanış olalım" şiirindeki duygusuyla Türk kültürünün farklı coğrafyalardaki tezahürlerine öğrencilerimizle tanıklık ettik. Müzik, edebiyat, halk dansları, giyim, gelenek ve görenekler, adetler, eğitim, sosyal hayat ve daha pek çok konuda Kazak-Türk unsurlarını karşılaştırdık ve "biz“ olduğumuzu ve "bir “olduğumuzu keşfettik.

3 айлық қысқа мерзімде жылдар бойы осында өмір сүрген секілді сезімде болуыма әсер еткен адал адамдармен қатар факультеттің бір мүшесі болу мен үшін бір бақыт. Ортақ ата мәдениетімізді бірлестіретін ерекшеліктерін студенттерімізбен бірге ашу, олармен бірдей тілде сөйлесу, түрік шатырының астында бірге болу біз үшін керемет бір тәжірибе болды. Сабақтармен бірге Юнус Эмренің «Келінмен танысайық» өлеңіндегі сезімімен Түрік мәдениетінің түрлі мекеніндегі әсерімен студенттерді таныстырдық. Музыка, әдебиет, халық билері, киім, салт-дәстүр мен мәдениет, әдеттер, білім, әлеуметтік өмір мен басқа да көптеген тақырыптарда қазақ-түрік ерекшеліктерін салыстырып, «біз» және «бір» болғанымызға көзіміз жетті.

Түрксой бөлімінің аға оқытушысы Селенай Балоглу

 

ҚазҰУ-ТҮРКСОЙ

2018-2019 оқу жылының екінші жартысында мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің ТҮРКСОЙ кафедрасына шетелдік/алмасу студенті ретінде қабылдандым. Қазақстанға келмес бұрын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жайлы ақпарат жинадым. Ол әлемдегі үздік университеттерінің бірі ғана емес, алғашқы 300 жоғары оқы орындарының бірі еді. Бірақ әлі де қобалжыдым. Мен үшін танымайтын мемлекетте білім алу біраз қиын болып көрінді. Алайда, ҚазҰУ-нің Халықаралық студенттік орталығы мен ТҮРКСОЙ халықаралық студенттік орталығы маған әрдайым көмектесті. Әуежайда қарсы алғаннан кейін Шығыстану факультетінің ТҮРКСОЙ бөліміне келдім. Факультет табалдырығынан аттағанан бері факультет деканы Ы.Палтөре мырза, Түрксой бөлімінің меңгеріушісі Т.Кыдыр мырза, оның орынбасарлары мені өздерінің студенті ретінде жылы ылтипатпен қарсы алды.

Қазіргі таңда ҚазҰУ-нің PhD докторанты ретінде оқып жүрмін. Университеттің студенттеріне арналған барлық мүмкіндіктерін пайдаландым. Диссертацияны қорғау сатысында болғандықтан, докторанттардың пәндеріне кіруге мәжбүр болмадым, дегенмен керек кезімде ұстаздарымнан ауызша кеңес, ұсыныстарын алып жүрдім. Қазақ тілін жетілдіруіме қолдау көрсетті. Олар мені өз студенттердің бірі ретінде қабылдап, бөлімнің барлық жағынан пайдасын тигізді. жұмысымды мейлінше жеңілдету үшін факультет пен кітапханаға жақын орналасқан қонақүйге орналастыруға ықпалын тигізді.

Ең алдымен, ҚазҰУ-нің әл-Фараби кітапханасы мен Алматы қаласындағы Қазақ ұлттың кітапханасынан менің ғылыми-зерттеулеріме қатысты көптеген дереккөздерге қол жеткіздім. Ғылыми зерттеуім Түркияда табыла алмайтын қазақ тілі аясында еді. Диссертацияның тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізіп жүргенде, ҚазҰУ студенттерінің басқа тілдерде жазған көптеген диссертациялармен таныстым. Бұл ҚазҰУ-нің халықаралық университет екенін растайтын ең жақсы мысал.

ҚазҰУ өз студенттеріне әртүрлі салада мүмкіндіктерді ұсынады. Әсіресе, магистранттар әр салада өздерін жетілдіруді қалайды. Келген уақытымнан бері ҚазҰУ-нің көптеген симпозиумдар, семинарлар мен халықаралық конференциялаға қатыстым. Бұл конференциялар магистранттар мен докторанттарға арналған.

Студенттерді тәрбиелеуге ерекше мән берумен қатар, ҚазҰУ өзінің ұлттық құндылықтарын өмір сүреді. Наурыздың 8-і күні Халықаралық әйелдер күніне орай университет ректоры, вице-ректорлар, декандар мен мұғалімдер әйелдерге арнап үлкен сахнаға концерт ұйымдастырды. Менің елімде мұндай іс-шаралар мүлдем жоқ. Сонымен қатар, 22-ші Наурыз мейрамын тойлау мерекесі өтті. Бұл мерекеге шетелдік студенттер ерекше шақырылды. Университет алаңында әрбір факультеттің өз шатыры құрылып, салтанатты түрде марапатталды. Көктемнің нағыз мерекесі мен рухын осы ҚазҰУ-нен байқадым. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Түрксой кафедрасында мерекелік іс-шара ретінде атап өтілді. Мен осы мерекенің бір бөлігі болғаныма өте қуандым. Осыған орай, түрік апталығы ТҮРКСОЙ бөлімінде өтті. Түрік және қазақ әндері дәстүрлі түрік сазымен бірге орындалды.

ҚазҰУ-нің кампусына кіргенде сырттан келгендер үшін, шетел студенттер үшін өзіңізді керемет, бейбіт жерде жүргендей сезінесіз. Сондықтан ҚазҰУ-не, әсіресе Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Патөре мырзаға, ТҮРКСОЙ кафедорасының меңгерушісі Төреәлі Қыдыр мырзаға, меңгеруші орынбасары Қыдырбаева Үміт ханым мен Абдуқадіров Нұржігіт мырзамен бірге бөлімізідің оқытушылары мен профессорларымызға өте ризашылығымды білдіремін.

KAZNU TÜRKSOY

2018-2019 eğitim yılının ikinci yarısında Al-Farabi Kazak Ulttık Üniversitesinin Şıgıstanuw Fakültesinin Türksoy Kafedrasına yabancı/değişim öğrencisi olarak kabul edildim. Gelmeden önce Al-Farabi Kazak Ulttık Üniversitesini çok araştırdım. Dünyadaki sayılı üniversitelerden biri olduğu ve ilk 300 içerinde yazıyordu. Fakat yine de tedirgindim. Bilmediğim bir ülkede okumak benim için biraz zor olacaktı. Ancak KAZNU Uluslararası Öğrenci Ofisi ve TÜRKSOY Uluslararası Öğrenci Ofisi bana her zaman yardımcı oldu. Havaalanında karşılandıktan sonra Şıgıstanuw Fakültesinin TÜRKSOY Kafedrasına geldim. Fakülte Dekanı ve Bölüm Başkanı ile bölüm başkan yardımcılarının her türlü desteklerini ve yardımlarını esirgemeyeceklerini söyleyerek beni kendi öğrencileri olarak kabul ettiler.

KAZNU’da artık bir doktora öğrencisi olarak eğitim görmeye başladım. Üniversitenin öğrencilerine sağlamış olduğu tüm olanaklardan yararlandım. Tez aşamasında olduğumdan zorunlu ders almadım ancak bölüm hocaları ile yaptığım her sohbette şifahen ders aldım. Kazakçamı geliştirmemde bana destek oldular. Öğrenciden ziyade beni aralarından biri gibi kabul ederek Kafedradan her şekilde yararlanmamı sağladılar. Fakülteme ve kütüphaneye yakın olan Lisansüstü öğrencilerinin konakladığı misafirhanede konaklama sağlayarak işimin kolaylaşması için çaba sarf ettiler.

Öncelikle tezim için kaynaklara ulaşmam gerekiyordu. KAZNU’nun kendi Kütüphanesinden ve Kazak Ulttık Kitaphanasından araştırmalarımla ilgili birçok kaynağa ulaştım. Kazak Dili hakkında yazılmış Türkiye’de olmayan kaynaklara eriştim. Tez konumla ilgili araştırma yaparken KAZNU öğrencileri tarafından yapılan Kazakça ile diğer diller arasında karşılaştırılmalı birçok tez ile karşılaştım. Bence bu KAZNU’nun uluslararası bir üniversite olmasının en güzel örneğidir.

KAZNU öğrencilerinin her alanda gelişmesi için birçok olanak sunmaktadır. Özellikle lisansüstü öğrencilerinin her alanda kendini geliştirmesini istemektedir. Burada bulunduğum sürede KAZNU’da birçok sempozyum, seminer ve konferans oldu. Bu konferanslara özellikle lisansüstü öğrencilerinin katılması teşvik edilmektedir. Lisansüstü öğrencilerinin interaktif bir şekilde Rusça, İngilizce vb. konuşarak konulara dahil olmaları KAZNU’nun uluslararası bir eğitim sistemine sahip olduğunun bir göstergesidir. Bu sempozyumda tezim hakkında önemli çalışmaları olan bir hoca ile karşılaştım. KAZNU’ya gelmezsem onu asla göremezdim.

Öğrencilerin eğitimlerine önem vermesinin yanında KAZNU kendi milli değerlerini de canlı olarak yaşatmaktadır. 8 Mart Dünya Kadınlar gününde Üniversitenin Rektörü, Rektör yardımcıları, Dekanları, Öğretmenleri kadınlar için sahneye çıktı. Benim ülkemde hayal gibi bir şey… Bunla birlikte Nevruz Bayramı kutlamaları yapıldı. Yabancı öğrenciler özellikle davet edildi. Her fakültenin kendi çadırı kuruldu ve hepsi çok konuk severdi. Nevruzda büyük göç kendi ulttık giyimlerini giyen hocalar tarafından canlandırıldı. Nevruzun gerçek bahar gibi olduğunu, bereket olduğunu burada gördüm. 7 Mayıs Vatan Koruyucuları günü Türksoy Kafedrasında bayram gibi kutlandı. Yine bu kutlamamın bir parçası olmak ben çok mutlu etti. KAZNU’da kendi kültürünü yaşatmanın yanında diğer kültürlerin tanıtılması ve yaşatılmasına da önem verilmektedir. Bu kapsamda TÜRKSOY Kafedrasında Türk Haftalığı etkinliği yapıldı. Geleneksel Türk sazı eşliğinde Türk ve Kazak şarkılarının seslendirildiği bir konser düzenlendi.

KAZNU kampüsüne girdiğinizde huzur dolu başka bir yerde gibi hissediyorsunuz kendinizi, ne yabancı ne de geçici… Bu yüzden KANU’ya özellikle Şıgıstanuw Fakültesi Dekanı İhtiyar Paltöre’ye, TÜRKSOY kafedrası Bölüm Başkanı Törali Kıdır’a, yardımcıları Ümit Kıdırbayeva ve Nurjigit Abduwkadirov’a ile bölüm hocalarına çok teşekkür ederim.

Түрксой кафедрасының докторанты Гүлбеяз Гөзташ

 

Кафедрамыздың шетелдің оқытушылары

Біз ТҮРКСОЙ бөлімінде екінші жылымызды аяқтадық. Биылғы жыл өте жемісті болды. Түркиядан көптеген оқытушыларымыз бөлімде қонақ болды. Жыл бойы біз студенттер мен оқытушылар үшін түрік шайы, түрік кофесі және түрік тағамдары секілді кештер ұйымдастырып бөлісіп отырдық. Өткен жылы ұйымдастырғанымыздай, бізде түрік аптасы болды. Осындай іс-шаралар; өлеңдер, билер, қолөнер, арқасында студенттер біздің мәдениетіміздің маңызды бөліктерімен танысты.

Мен қызметке алғаш рет бастағанда оқушылармен ортақ тіліміз болған жоқ. Университетке жаңадан бастағандары үшін түрік тілін жетік білмеген болатын. Дегенмен, олардың түрік тіліне деген қызығушылықтары жоғары еді. Біздің сабақтар өте жақсы өтті. Уақыт өте келе біз түрік тілінде сөйлесе бастадық. Сабақтан тыс басқа уақыттарда да студенттермен кездестік. Түрікше сөйлесу клубы жұмыс жасады. Біз студенттермен сөйлесу клубына аптада бір рет жиналып отырдық. Бұл жағдайда біз сабақта студенттермен ғана емес, сонымен қатар түрік тілінде қызығушылық танытқан барлық жандармен де кездестік.

Түрксой бөлімінің аға оқытушысы Жерен Кабадайы

Türksoy bölümündeki ikinci yılımızı tamamladık. Bu sene de yine oldukça verimli oldu. Öncelikle Türkiye'den çok değerli hocalarımız bölümüzde misafir oldular. Yıl boyunca imkan ve fırsat buldukça öğrencileri ve öğretim elemanlarımız olarak Türk çayı, Türk kahvesi ve Türk yemekleri eşliğinde paylaşımlarda bulunduk. Geçen sene düzenlediğimiz gibi dolu dolu bir Türk haftalığı etkinliğimiz de oldu. Bu tür etkinlikler; şiirler, danslar, el sanatları gibi kültürümüzün önemli parçalarını bizimle buruşturdu.

Göreve ilk başladığım zaman öğrencilerle bir ortak dilimiz yoktu. Üniversiteye yeni başladıkları için Türkçe bilmiyorlardı. Ama çok heveslilerdi. Derslerimiz çok güzel geçti. Zamanla Türkçe sohbet etmeye başladık. Öğrencilerimizle ders dışında da görüştük. Konuşma kulübü yaptık. Öğrenciler ile konuşma kulübünde de bir araya geldik. Bu vesile sadece dersine girdigimiz öğrencilerle değil, Türkçeye ilgi duyan tüm öğrencilerle görüştük.

 

Алматы және ҚазҰУ

Мен Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шетел студенті ретінде келдім. Мен келгенге дейін ел мен қала туралы білмеген едім. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың арқасында мен қазақ халқымен, оның қазіргі заманғы және дәстүрлі мәдени құрылымымен танысуға мүмкіндік алдым.

ҚазҰУ Шығыстану факультетінде ТҮРКСОЙ кафедрасының құрметті мұғалімдерін шақырумен алғашқы күндерімде мен тау шаңғысы курортына Медеуге бардым. Алғаш рет конькимен сырғанадым. Мен ҚазҰУ-да шетелдік оқушы болғандықтан, Алматы муниципалитеті ұйымдастырылған Наурыз мерекелеуге бардым. Мен мұнда қазақтың ұлттық билерін, сондай-ақ барлық түркі мемлекеттерінің ұлттық билерін, арнайы тағамдарын, ұлттық конкурстық ойындарды көрдім. Тіпті бүркітті алғаш рет жанды түрде көрдім.

Магистранттарға арналған ҚазҰУ қонақ үйінде қалғанымда көптеген ұлт өкілдерімен таныстым. Қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, Марокко, кәріс, қытай, жапондармен дос болдым. Менің бөлмедегі көршім докторант Балжанн Маметованың арқасында Қазақ мәдениеті мен тілін мұқият оқып, танысуға мүмкіндік алдым. Осының арқасында мен Лингвистика институтында көптеген семинарларға қатыстым. Мен Қазақ тілі саласындағы маңызды оқытушылармен кездесіп, олардан көп нәрсені үйрендім. Мен қазақтың үйлену тойы, Мерекелер, өлім дәстүрі, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер туралы білдім. Алғаш рет қазақ домбырасымен қазақ әндерін өз құлағыммен тыңдадым.

Қазақстан орындаушылық өнер тұрғысынан алда тұрған ел екенін көрдім. ҚазҰУ қаланың орталығында, Мұхтар Әуезов театрына, Абай опера және балет театрына және Ресей драма және театр академиясына жақын орналасқан. Мұнда менің қазақ халқының өзіндік мәдениеті, сондай-ақ аударылған көптеген театрлар баяндалатын театрларда көруге мүмкіндігім болды. Мен апта сайын опера мен балет көруге бардым, бұл менің елде өте ерекше оқиға болып табылады.

Алматыда көптеген мұражайлар орналасқан. Мен қазақ музыкалық аспаптар мұражайы мен Қазақ Ұлттық мұражайын араладым. Мен осы мұражайларда ежелгі түрік жазбалары мен дәстүрлерін, тарихын қазақ халқының Ұлттық мұражайында көрдім. Сонымен қатар, мен "Алтын Эмель" ұлттық паркіне қазақ елінің негізгі туристік орталықтарына бардым. Үлкен қазақ далалары мен атақты күннің кіруін қаланың ортасындағы Көктөбеден қаланы және Алатауды тамашаладым. Қазақстанда күн мен айдың ерекше жарқын болғанын көрдім. Қала орталығында көптеген шіркеулер мен мешиттерді араладым, кітап дүкендеріне, баспаханаларға, қазақ тілі мен әдеби ресурстарына қол жеткіздім. Алматыдағы ең керемет нәрсе- серуендеу, өйткені барлық жерде саябақ бар және барлық жердің табиғаты әдемі, жап жасыл. Панфилов паркі мен Зенков кафедралдық соборын, Алматы ботаникалық бағын, Назарбаев Президенттік паркін, Орталық саябақты аралап тамашаладым.

Маған ҚазҰУ-ға естеліктерге толы күндер кешуіме мүмкіндік бергені үшін ризамын.

ALMATI ve KAZNU

AL Farabi Kazak Ulttık Üniversitesinde yabancı öğrenci olarak bir dönem Almatı’da bulundum. Gelmeden önce ülke ve şehir hakkında bir fikrim yoktu. Burada bulunduğum sürece KAZNU sayesinde Kazak halkını, modern ve geleneksel kültür yapısını tanıma fırsatı buldum.

KAZNU Şıgıstanuw Fakültesi Türksoy Kafedrasının değerli öğretmenlerinin daveti ile geldiğim ilk günlerde Medew Kayak Merkezine gittim. İlk defa buz pateni yaptım. KAZNU’ da yabancı öğrenci olduğum için Almatı Belediyesinin düzenlemiş olduğu Nevruz Kutlamalarına davetli olarak katıldım. Burada Kazak milli danslarının yanı sıra tüm Türki Devletlerin milli danslarını gördüm. Kazakların Nevruza özel yemeklerini, milli yarışma oyunlarını gördüm. Bir kartalı ilk defa çok yakından gördüm.

KAZNU’nun lisansüstü öğrencilere tahsis ettiği misafirhanesinde kaldım ve birçok milletten insanlarla tanıştım. Kazak, Rus, Kırgız, Özbek, Faslı, Koreli, Çinli, Japonyalı birçok insanla arkadaş oldum. Oda arkadaşım doktora öğrencisi Baljan Mametova’dan Kazak kültürünü ve dilini yakından öğrenme ve tanıma fırsatı buldum. Onun sayesinde Dil Bilimi Enstitüsünde birçok seminere katıldım. Kazak dili alanındaki önemli hocalarla bir araya geldim ve onlardan çok şey öğrendim. Kazak düğünleri, bayramları, ölüm gelenekleri, milli yemekleri, milli kıyafetleri hakkında bilgi sahibi oldum. İlk defa Kazak ozanlarından Dombra ile Kazak şarkıları dinledim.

Kazakistan’ın sahne sanatları açısından çok ileride bir ülke olduğunu gördüm. KAZNU şehrin merkezinde bulunması açısından Muhtar Awezov Tiyatro Binasına, Abay Opera ve Bale Salonuna ve Rus Drama ve Tiyatro Akademisine çok yakın bir konumda bulunmakta. Burada Kazakların kendi kültürlerinin anlatıldığı tiyatroların yanı sıra birçok tercüme tiyatroda izleme fırsatı buldum. Haftanın her günü opera ve bale seyredebilme imkanı yakaladım ki benim ülkemde bu çok sıra dışı bir olaydır.

Almatı’da birçok müze bulunmaktadır. Kazak Müzik Aletleri Müzesi ve Kazak Milli Müzesini ziyaret ettim. Eski Türklerden günümüze kadar gelen yazı ve gelenekleri bu müzelerde gördüm. Kazak halkının tüm desturlarını ve tarihini Kazak milli Müzesinde görme fırsatı buldum. Bunun yanında ülkenin önemli turizm merkezlerinden Altın Emel Milli Parkına gittim. Yol boyu büyük Kazak bozkırlarını ve ünlü güneşin batışını izledim. Şehir merkezindeki Kök Töbe’den şehri ve Tanrı (Ala Taw) Dağları izledim. Güneşin ve ayın Kazakistan’da daha parlak olduğunu gördüm. Şehir merkezindeki birçok Katedral, kilise ve mescidi ziyaret ettim. Kitapçılara, baspahanelere giderek Kazakça dil ve edebiyat kaynaklarına ulaştım. Almatı’da en güzel şey yürümek çünkü her yerde park var ve her yer yemyeşil. Panfilov parkında Zenkov Katedralini, Almatı Botanilk Bahçesini, President Nazarbayev Parkını, Gorki Prkı gördüm.

KAZNU’ya bana anıları yaşama imkanı sağladığı için minnettarım.

Гулбеяз Гөзташ Түрксой кафедрасы докторанты

 

ҚазҰУ – арман жолым

ҚазҰУ... Айтуға қалай бастай алады адам? Бастаса бітіре ала ма? Мен Ыстамбұл университетінде үш жыл оқыдым, соңғы жылымда екі университет арасындағы ауысу бағдарламасы бойынша Қазақстанға келіп, ҚазҰУ-де оқуымды жалғастырдым. Бірақ қазір өзімді төрт жылымды осында оқыған сияқты сезініп жүрмін. Өйткені өмірімнің ең керемет естеліктері осы Алматы қаласындағы ҚазҰУ арқылы басталды. Түркияда оқып жүрген кезімде достарымның көбі түріктер еді. Бірақ менің арманым әрқашан Орта Азиядан да достар табу еді. Келдім. Қазір түрік достарым қаншалықты көп болса, қазақ достарым да соншалықты көп деп айта аламын. Сонымен қатар ұйғыр, өзбек, қырғыз және татар достарым да бар. Бәрімен осында таныстым. Сол сияқты неміс және орыс достарым да болды, өзім де таң қалдым. Осындағы неміс ұлты қазақша өте жақсы сөйлейді. Бұл да мен үшін күтпеген жағдай. Сосын таңғы аста ұйғыр самсасы, түскі аста қазақ мантысы, кешкі аста өзбек палаун жеу қандай керемет! Мен Қазақстанда түркілердің тек тілдерімен ғана емес, бүкіл мәдениетімен таныдым дей аламын. Әрине маған осындай мүмкіндік берген ҚазҰУ болды.

Иә, достарым көбейді. Бірақ көбейген тек қана достарым емес. Мен осында жан-жақты білім алдым. Ыстамбұлда түркілер жайында айтылмаған көп нәрселерді осында өз көзіммен көру мүмкіндігіне ие болдым. Керемет ұстаздарым арқылы жақсы бір түркітанушы болатыныма сенімдімін. Өйткені мен осындағы білімді ұстаздарымның да студенті болдым. Сонымен қатар, Қазақстан маған еркін болуды үйретті, қорықпай ойымды еркін жеткізуді, адамдарды тыңдай білуді... Қастарында қандай ұлт болса болсын, оны құрметтеуді үйретті. Сосын Қазақтардың Түркияға деген сүйіспеншіліктеріне риза болдым. Көшеде менімен танысып, ұлтымның түрік екенін білген соң, қазақтар маған: "Біз Түркияны жақсы көреміз. Ыстамбұлға да барғымыз келеді. Түрік тілін үйренгіміз келеді.", деп, әр-түрлі пікірлерін білдіреді. Өздері ұлттық телеарналардан көріп жүрген түрік сериалдарының аттарын айтады. Осындағы М.Жұмабаев сияқты қандастарымыз, түріктер дұшпандарымен соғысып жатқанда "Алыстағы бауырыма" деген өлең жолдарын бауырлары үшін жазған. Алаш ұрпақтарының жылы жүрегін сезінгеннен кейін, мен еліме қайтатын кезде жүрегімнің бір бөлігі осында қалады. Ата-бабаларымыздың бірге ат терлетіп, жауға шапқан жеріннен кеткім келмейді. Алла маған бір күні қайтадан осына келуді нәсіп етсін. Және де Алла бүкіл түркі мемлекеттерін ішкі және сыртқы дұшпандардан сақтасын, осы мемлекеттерді бір-біріне тағы да жақындатсын деп тілеймін.

Стамбул университетінің 4-курс студенті Гамзе Нур Налбанат

 

Кафедрамыздағы шетелдік студенттеріміз

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алу мен үшін үлкен қуаныш. ҚазҰУ сияқты алдыңғы қатарлы білім ордасында білімімді одан әрі шыңдай отырып, түркі әлемінің ата жұрты болып саналатын Қазақстан мен осы жерде тұратын қазақтардың мәдениеті, күнделікті өмірі, салт-дәстүрімен жақынырақ таныстым. Мен университетте төрт бірдей факультеттің оқытушыларының дәрістеріне қатыса отырып, өзімді жан-жақты дамытуға зор мүмкіндіктерімнің бар екендігіне сенемін. Мұндағы ұстаздар мен топтағы студент достарым маған үнемі көмек қолын созып, дұрыс жол көрсетуге дайын тұрады. Әсіресе Шығыстану факультетінің оқытушылары көптеген шет тілін меңгерген. Факультетте үнемі шетелдік қонақтардың қатысуымен іс-шаралар өтіп тұрады. Солардың бірі, жақында, Өзбекстаннан келген қонақтар болды. Оларды факультеттің ішкі құрылымымен таныстырғанда бір-бірлерімен қазақша және өзбекше сөйлесу арқылы оңай тіл табысты. Себебі түбі бір түркі халықтарының ортақ болмаса да өз тілдерінде сөйлесу арқылы бір-бірін түсінісуі мен үшін өте керемет бір сезім болды. ҚазҰУ сияқты университетте өткізген күндерімді еш уақытта ұмытпаймын.

Станбул университетінің 4-курс студенті Гамзе Нур Налбанат

 

ПРОФЕССОР МЕХМЕТ НАДЖИ ОНАЛ ЖӘНЕ ПРОФЕССОР ЗУХАЛЬ ӨЛМЕЗДІҢ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ

2018 жылдың 29 қараша күні, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті жанындағы Түрксой ғылыми-білім және мәдени орталығының ұйымдастыруымен Түркия Республикасы Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры Мехмет Наджи Онал және Йылдыз Техникалық университетінің профессоры Зухаль Өлмездің қатысуымен ғылыми-әдістемелік семинары өтті.

Профессор Зухаль Өлмез «Шағатай тіліндегі сөздіктер» тақырыбы аясында жасаған ғылыми жұмыстарымен бөлісті. Алғашқы шағатай тіліндегі «Абушка» сөздігі жайлы жан-жақты мағлұматтар берді. Профессор Мехмет Наджи Онал "Әдеби зерттеудің әдістемесі" тақырыбында баяндама оқыды. Ғалым Мехмет Онал баяндамасында балалардың тәрбиесінде әдебиет пен тәрбиелік мәні бар өнегелі ертегілердің маңыздылығын мысалдар арқылы келтіре келіп, олардың зерттелуінде қолданылатын әдіс – тәсілдерімен бөлісті.

Семинарға факультетіміздің оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттер қатысты. Семинар соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар қойыла отырып, қызу талқылауға ұласты.

Ұйымдастырушылар және жауаптылар: Түрксой ғылыми және мәдени орталығы, Түрксой кафедрасының аға оқытушылары Ү.Қыдырбаева, Н.Шуиншина

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Н.Д.Сұлтанбаева


BRAIN RING ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы үстіміздегі жылдың 22 қарашасы күні сағат 15:00-де кафедрасының аға оқытушылары А.Б. Балаxожаева мен Н.Д.Сұлтанбаева «Brain Ring» интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Сайыс Түрксой кафедрасының 4 түрлі мамандығы бойынша 1-курс студенттері арасында өтті. Жарыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс кезінде студенттер білім деңгейлерін көрсетіп қана қоймай, жан-жақты өнерлерін де көрсете алды.  

Әділқазылар ретінде Түрксой кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Т.Е.Қыдыр, профессор м.а., доцент З.Шадкам, аға оқытушылар Ү.Қыдырбаева мен Ж.Кабадайы қатысты.  

Сайыс соңында жүлделі орындар анықталып, қатысушыларға ынталандыру сый-сияпаттары тапсырылды. 

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Н.Д.Сұлтанбаева

100 КІТАП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ "ҰШҚАН ҰЯ" ШЫҒАРМАСЫН ТАЛДАУ 

3 желтоқсан 2018 жылы сағат 13.00 де 521 аудиторияда Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Жанатаева Күлжан Бекенқызының ұйымдастыруымен университеттің 100 кітап жобасы аясында Б. Момышұлының «Ұшқан ұя»        шығармасын шығыстану мамандығы (түрік бөлімі) 1 курс студенттерімен талқылау іс-шарасы өткізілді.

Аталған шараға Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Ж.Ә.Абелдаев қатысып, студенттермен шығарма желісі жайында, қаhарман батыр туралы ой қозғады. Студенттер тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармадан алған әсерлерімен бөлісті.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы К.Б.Жанатаева

 

"ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ" АТТЫ ЖЫР КЕШІ

25.09.2018 ж. сағат 14.00-де 457 аудиторияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы студенттерінің  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты жыр кеші өтті.

Жыр кешінде 3-4 курс студенттері қазақ, түрік, татар, ұйғыр, азербайжан, орыс және француз тілдерінде тіл және ана тілінің қадірі туралы шығармаларды мәнерлеп оқумен бірге туған жер жайлы ән де шырқады. Шараның соңында кафедра меңгерушісі Төрәлі Еділбайұлы мерекемен құттықтап, өлеңнің жастарға берер тәлім-тәрбиесі мен өмірде алатын орны және маңыздылығы жайлы атап өтті. Сонымен қатар, Түрксой кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Раушангүл Амирдинқызы да талантты студенттердің өнерлерін бағалап, алдағы өмірлеріне сәттілік пен жетістіктер тіледі. Ұйымдастырушылар Түрксой кафедрасының аға оқытушылары Г.Қ. Теменова, А.Ж. Назарова.

 

Түрксой кафедрасының оқытушысы  Сұлтанбаева Н.Д.   


ЖАТ АҒЫМДАРМЕН КҮРЕС 

4 сәуір 2018 жылы сағат 18.00 де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің 14 жатақxанасында Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Жанатаева Күлжан Бекенқызының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" аясында Алатау ауданы Байбесік ауылының Ержәнібек мешітінің наиб имамы Беремқұлов Тұрар Спанұлының қатысуымен "жат ағымдармен күрес" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс- шараға Түрксой кафедрасының меңгерушісі Қыдыр Төре Еділбайұлы, Шығыстану факультетінің аға кураторы Шәріпқазы Нұртәліп және жатақxана студенттері қатысты. Аталған іс- шарада жастарға рұxани тәрбие беріп, жат ағымдардан бойын аулақ ұстау керектігі жайлы әңгіме өрбіді.

Жанатаева Г.

«БІЛІМДІ ЖАСТАР – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ» 

 

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті деканы Ы.М. Палтөре бастамасымен оқытушылар құрамы мен студенттері Алматы қаласы Әуезов ауданы Қожа Ахмет Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясының мұғалімдері және 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. 

  Кездесудің негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы жолдауы мен «Йасауидің бүгінгі ұрпаққа айтары» атты баяндама бөлімінде Қожа Ахмет Йасауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелерін талқылау.

 

Кездесуде Шығыстану факультеті деканы, PhD, Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы Жолдаудың ел өміріндегі маңыздылығына тоқталып, «Білімді ұрпақ – болашағымыздың негізгі тірегі», «Адами капитал – жаңғыру негізі басымдығы» бойынша жан-жақты толық мәлімет жасады.

Ы.М. Палтөре: Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемнің мықты елдерімен үзеңгі қағыстыруға талпынып келеді. Әрине, Елбасы Жолдауының мақсаты – елімізді жаһандық бәсекеге қабілетті ету. Яғни, Елбасымыздың нақтылап берген саяси бағыты мен жоспарын бірлік пен берекемізді жарастырып, жұмылып жүзеге асыру міндетіміз болып табылады. Елбасы Жолдауы – болашақтың бағдары екендігі айғақ. Осы тұста биылғы Жолдаудың он бағытының ішінде әсіресе, жетіншісіне тоқталғымыз келіп отыр. Себебі, «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп Елбасымыз атап көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына көшуде бұл саладағы бағдарламаларды қайта қарап, жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту аса маңызды де білеміз. Еліміздің әрбір азаматы өзінің сүйікті ісіне, қызметіне байланысты Жолдаудың бағытын іске асыруды көздеу керек деп ойлаймыз. Сонда жұмыла болашағымыз өскелең ұрпақты білімді етіп, іргетасын қалау мәселесі мектеп ұстаздарының алдына жүктелген міндет болып саналады. Білімді ұрпақ – біздің жарқын болашағымыз. Сондықтан Н.Назарбаевтың негізгі күшті адами каптитал сапасын жақсартуға салып отырғанының астарында үлкен  мән бар, – деп мемлекетіміздің болашағы келелі ұрпақтың қолында екендігін дөп басып айтты.

Кездесу негізінен екі бөлімінен тұрды: 1. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауын талқылау; 2. «Йасауидің бүгінгі ұрпаққа айтары» баяндама бөлімі (Қожа Ахмет Йасауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелеріне тоқталу); 

Бірінші бөлім барысында оқытушылар мен тәлімгерлер 2018 жолдаудың жаңа бағыттары жайында өз пікірлерімен бөлісіп, Жолдауды орындауда қандай жұмыстар жасалыну керек, оны қалай іске асыру керектігі жайында сұрақтар қойып, өз жауаптарын ала алды. Сонымен қатар, қатысушылар Жолдаудағы көзделген 10 қадамды орындауда өз үлестерін қосуға сенім білдірді.

Екінші «Йасауидің бүгінгі ұрпаққа айтары» атты баяндама бөлімінде Қожа Ахмет Йасауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелеріне тоқталып, өзекті мәселелер бойынша маңызды тақырыптар қозғалды. ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент м.а. Қыдыр Төре Еділбайұлы «Даналық сөзде тәлім бар» деген баяндамасында жастарды оқу-білімге, қарапайымдылық пен өмір құндылықтарын дұрыс ажырата білуге шақырса, Таяу, Орта Шығыс және Оңтүстік Азия  кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ахметбекова Ақбота Карибайқызы «Диуани Хикмет» еңбегінің жастар тәрбиесіндегі орны орасан зор екендігіне тоқталды.

Кездесудің ажарын аша түскен Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің студенттері арнайы дайындаған «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» 8 шығыс тілінде (араб, түрік, корей, қытай, парсы, жапон, урду, хинди) бойынша мәнерлеп өлең оқуы отырысқа қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Кездесудің соңында Алматы қаласы Әуезов ауданы Қожа Ахмет Йасауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясының директоры Бағила Ашимбаева Масимахынқызы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы PhD Ы.М. Палтөре мен ұжымына ерекше алғысын білдіре отырып,  болашақтағы бірлесе көптеген ғылыми жобалар мен олимпиада, әр түрлі ісшараларды бірлесе өткізейік деген ізгі ниетін білдірді.

Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы, PhD, Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы кездесуді қорытындылай келе:

– Міне, Қазақстан Республикасы дамудың жаңа дәуіріне, тәуелсіздігіміздің үшінші мүшеліне қадам басты. Сол себепті, тәуелсіздігіміздің тұғыры мен беріктігі бекем болу үшін, әлемдегі  алпауыт елдермен иық тірестіріп, бәсекеге қабілетті елге айналу үшін Жолдауды сараптап қана қоймай, жасөспірімдерге тәрбие мен білім беру қызметінде әр ұрпақтың санасына құю арқылы ат салысуымыз қажет. Сонда ғана Қазақ елінің келешегі кемелді, болашағы жарқын болмақ! Елбасы Жолдауы – тың серпіліс берді. Бұл оқытушылар мен ұстаздар пікірі. Жылдың басты құжатын ұжым болып талқылаудың  нәтижесінде көптеген мәселелердің шешімін қарастыра алдық.  Соның ішінде әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлініп, дағдарыс кезіндегі еңбекақының көтерілгені жұмысқа деген құштарлықтарын арттыра түскендігін айтады.

Елбасы: «Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы бізде берік ұстайық ағайын! – деп баршамызды оқу-білімге шақырды.

 

Шығыстану факультеті

Кафедра ТҮРКСОЙ

Ешметова Б.Б.


ЕЛ ЕРТЕҢІ – БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

  

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермахан Ибраимовпен кездесу өтті.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын университетіміздің «Айналаңды нұрландыр» және «Саламатты өмір салты» атты инновациялық жобаларының аясында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, қазақ халқының мақтанышы, университетіміздің түлегі – Ыбрайымов Ермахан Сағиұлымен кездесу барысында талқылауға түсті.

Кездесу барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген тапсырмасын іске асырудың көптеген мүмкіндіктері қарастырылды.

Сондай-ақ, саламатты өмір салтын ұстану, Отанға, Туған жерге деген құрмеп пен сүйіспеншілік, барша азамзат баласына деген ізеттілік пен сыйластықты негізге ала отырып, Елбасымыздың нақтылап көрсеткен «Рухани жаңғырудың» мән-мағынасы «мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек» деген тұжырымды ойы талқыға түсті.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауы – еліміздің одан әрі дамуына нақты бағдар береді. Маңызды құжатта көрсетілген әрбір бағытты әр азаматқа жеткізіп, түсіндіру – ортақ міндетке айналғандықтан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Ыбрайымов Ермахан Сағиұлымен бірлесе Елбасының кезекті Жолдауын талқылау, бойымызға ерекше рух ұялатуда, жүрегіміздегі патриоттық махаббатымыздың ояна түсуіне, жастардың өзіндік нақты мақсатын айқындауға, білімнің теңдессіз байлық екендігін дәлелдей түсудегі ерекше қадамдардың бірі болды.

Еліміздің мақтанышы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы – Ыбрайымов Ермахан Сағиұлы жолдауды талқылау барысында:

– Елбасы Жолдаудың әр бөлімінде негізгі бағыттарды нақты көрсете отырып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелерге тоқталып өтеді. Соның ішінде, қазіргі таңдағы «Жаңа тарихи кезең – Рухани жаңғыруға» аяқ басудағы негізгі қадам екендігіне тоқталады.

Өмір бойы іздену керек,  рухани жаңғыру әрқайсымыздың өз ісіміз бен еңбегіміздің нәтижесін шығара білуден басталады. Кез келген азамат өз мамандығын жоғарғы дәрежеде меңгеріп, білікті маман болып, қоғамға өзіндік үлесін қосқан жағдайда ғана, біз рухани жаңғырамыз, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің тізімінен орын алатынымыз анық. Ал, біздің ҚР азаматы ретінде негізгі міндетіміз – біріншіден, кез келген ісімізге жауап беру, өзімізден бастау алу керектігіміз, екіншіден, қай саланы қолға алсақ да, сол саланың майталманы, хас шебері болу керек екендігімізде, – деген пікірін жеткізу арқылы жалындаған жастар рухын көтере түсті. Жеңімпаздық лебі, көшбасшылық қасиеті, әрбір қатысушының патриоттық сезімін күшейте түсті.

Елбасы биылғы жылғы Жолдауда дамудың нақты 10 қадамын айқындап берді. Оның ішінде жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға жол көрсететін  – адами капитал – жаңғыру негізі бағыты бәрінен бұрын оқытушылар қауымына етене жақын екендігін атап өту қажет. Осы тұстағы халықаралық спорт шебері Ермахан Сағиұлының білім Ордасын ерекше құрмет тұтуы, соның ішіндегі әлемнің 800 үздік университеті ішінде 236-орынға тұрақтаған ҚазҰУ-дың орны ерекше, маман даярлаудағы алдыңғы қатардағы университет ретінде танитын Қазақ Ұлттық университетін, Қазақстандық азамат ретінде, қара шаңырақтың түлегі ретінде  мақтан тұтатындығын ерекше махаббат сезімімен айтуы, жүрегімізде мақтаныш сезімін оятты.

Кездесуді Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре мырза Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ыбрайымов Ермахан Сағиұлына оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге арнайы уақытын бөліп келгені үшін үлкен алғысын білдіре отырып, өз сөзінде:

Жастарымыз басымдық беретін мақсаттардың қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұрады. Мемлекетіміздің ұлттық жаңғыруы – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты жастар бола білу. Ал, табыстың кілті – рухы мықты, білімді әрі білікті азаматтардың қолында болатыны ақиқат.  Біз үшін жаңа заманға сай өрлеу бағытын дамытатындығымыз бен Жолдауда нақты көрсетілген 10 міндетті орындалуына үлес қоса білу – дей келе:

– Еліміздің рухани жаңғыруы Сіз секілді азаматтардың барында, оң нәтиже беретіндігін сеніммен айта аламыз. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ біздің және бойымызға мақтаныш сезімін ұялататын, Сіз секілді әлемдік чемпион азаматтарымыздың арқасында жарқын болатындығына сенеміз. Сол себепті, біз және Сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте кезекті Жолдауды орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз – деді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», - деп ел келешегіне үміт артады.  Сондықтан да, біздің азаматтық борышымыз – рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа бірлік туы астында бірге жету, алдымызда кедергілерді жұмыла еңсере алу болып табылсын!

 

 

Шығыстану факультеті

ТҮРКСОЙ кафедрасы

Ешметова Б.Б.


ТҮРКСОЙ кафедрасының магистранттары Стамбул университетінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Стамбул университеті арасындағы байланыс күннен-күнге жанданып келеді. Өткен жылы жасалған екі жақты келісім-шарттың нәтижесінде Стамбул университетінен Фараби орталығы ашылған болатын. Ондағы мақсат, біріншіден, Әл-Фараби бабамыздың мұрасын бірге зерттеп, әлемдік деңгейде насихаттау болса, екіншіден, екі университет арасындағы байланысты барынша нығайту. Маусым айында Түрксой кафедрасының бірнеше магистранты осы орталыққа барып, екі апталық тағылымдамадан өтіп қайтты. «Түркітану», «Шетел филологиясы» мамандықтарында оқитын магистранттарды Стамбул университетінің ректоры Махмұт Ак мырзаның өзі жеке қабылдап, университет тарихымен, оқу орнының алдағы даму жоспарымен таныстыра отырып, ғылым әлеміне сыналап еніп келе жатқан жас ғалымдарға сәттіліктер тіледі. Фараби орталығының директоры, профессор Абдолла Кызылжык тарапынан ұйымдастырылған лекциялар мен семинарларға қатысқан магистранттар Стамбул университетінің белгілі ғалымдарымен кездесіп, өздерінің зерттеп жүрген тақырыптары төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ, тамырын тереңге жіберген Сүлеймания, Баязид секілді Түркия кітапханаларынан өздеріне қажетті материалдар алып қайтқанын ерекше атап өткен орынды.

 

ф.ғ.к., доцент Т.Қыдыр

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР

29 қараша 2017 жылы сағат 20.00 де Шығыстану факультетінің 14-ші жатақханасында Түрксой кафедрасының аға оқытушысы К.Б.Жанатаеваның ұйымдастыруымен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР»  тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға жатақханада тұратын факультет студенттері қатысып, бүгінгі таңда жастарды тәрбиелеудегі БАҚ рөлі қарастырылды. Пікір-талас барысында студенттер жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде кездесетін мәселелер туралы өз ойларын білдіріп, іс-шараға қызу ат салысты.

 

Ж.Әбілдаев

 


 

ЖАСТЫҚ ШАҒЫМНЫҢ ЖАРҚЫН СӘТТЕРІ

08. 11. 2017. ТҮРКСОЙ кафедрасында 2 курс студенттері И.Мамекпаева мен А.Сүлейменованың ұйымдастыруымен  «Жастық шағымның жарқын сәттері» атты поэзия кеші өтті. Кафедра меңгерушісі Т.Қыдыр ашып берген әдеби кеште Шығыстану факультеті мен Халықаралық қатынастар факультетінің ақын студенттері өздері шығарған өлеңдерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар студенттер би билеп, өздерінің өнерлерімен жиналған жұртты тәнті етті. Кештің қызықты өткені соншалық көрермендер келесі номерді асыға күтіп отырды. Кештің соңында сөз алған Түрксой кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Жеңіс Әбілдаев бұл кешті ұйымдастырған студенттерге алғысын білдіріп,  талантты жастарды іріктеуде мұндай іс-шараның маңыздылығына тоқталды және келешекте дәстүрлі түрде өткізіп тұру жағын баса айтты.

 

аға оқытушы К.Жанатаева 


TUKIB Бас секретарі ҚазҰУ-да қонақта  

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас саяси-эконмикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге ғылым, білім саласында да қарқынды дамып келеді. Екі ел арасындағы білім саласының дамуына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы да белгілі деңгейде үлес қосып келеді. «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» және «Түркітану» мамындықтарында бауырлас түрік халқының тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен тарихы кеңінен оқытылады. Студенттердің өз мамандықтарын жетік меңгеруде Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы мен Түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығы (ТУКИП) қолдау білдіріп келе жатыр. Жаңадан ашылған Түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының Бас хатшысы Серкан Гүлшен мырзаның тікелей атсалысуымен СЕМБОЛ компаниясының төрт студентіміздің жарты жылдық оқу ақысын төлеп беруіне тікелей себепкер болғанын ерекше атап өткен орынды. Мамырдың 29-шы жұлдызында Университетіміздің Ғылыми кеңесінде ТУКИП Бас хатшысы Серкан Гүлшен мырза 1 курс студенттері Естеміс Әсем, Сәрсенбек Ардақ, Шералы Ажар мен Саурықова Камиллаға жарты жылдық оқу ақысының төленгендігі туралы Сертитификатты табыстап, студентерімізді бір қуантып тастады. СЕМБОЛ компаниясы тарапынан жасалған мұндай қамқорлыққа студенттердің ата-аналары ғана емес, сонымен бірге Университет басшылығы да өз ризашылығын білдірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасы мен Түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығы (ТУКИП) арасындағы байланыстың алдағы уақытта да жалғаса түсетініне сенімдіміз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮРКСОЙ-дағы - Түрік апталығы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының ұйымдастыруымен 13-17 наурыз 2017ж. аралығында Түрік апталығы болып өтті. Апталық Қазақстан - Түркия Республикаларының ынтымақтастығының 25 жылдығына арналды.

Түрік апталығында түрік халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы, әдебиеті және өнері дәріптеліп, студенттерге таныстырылды. Апталықтың ашылу салтанатына Түркия Республикасы Елшілігінің Алматыдағы Бас Консулы Йылмаз Каған Мырза, Шығыстану факультетінің деканы Б.Н. Жұбатова, ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі Т.Е. Қыдыр, А.Яссауи атындағы Евразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Н. Шимсек, түрік кәсіпкерлері, оқытушылар және студенттер қатысты.

Апталықтың ашылу салтанаты екі елдің әнұранымен басталды. Сонымен қатар, студенттер түрік тілінде өлеңдер оқып, ән шырқап, би билеп, түрік халқының салт-дәстүрінен көріністер көрсетіп қонақтардың көңілін көтерді. Құттықтау сөзін алған Түркия Республикасы Елшілігінің Алматыдағы Бас Консулы Йылмаз Каған Мырза Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени байланыстарға тоқтала отырып, туыстас екі елдің достығының одан әрі қарай нығая түсетіндігіне сенімді екендігін айтты. Сонымен қатар, жоғары деңгейде түрік тілінің мамандарын дайындап жатқан ТҮРКСОЙ кафедрасының оқытушыларына алғысын білдіре отырып, студенттердің болашағының жарқын екендігін де айта кетті.

Апталықтың екінші күні түрік халқының қолөнер бұйымдарының көрмесі болды. Көрмеге Нұржан Ханым өз қолынан жасаған тқолөнер бұйымдарын: кестелі орамалдар, тоқымалар, жапқыштар, әшекей бұйымдар және т.б. заттар қойып, студенттерге олардың жасалу жолдарын көрсетіп түсіндірді.

Апталықтың үшінші күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Түрік поэзия» кеші өтті. Кешке Түркия Республикасы Елшілігінің Алматыдағы Бас Консулы Йылмаз Каған Мырза, Шығыстану факультетінің деканы Б.Н. Жұбатова, ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі Т.Е. Қыдыр, А.Яссауи атындағы Евразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Н. Шимсек, ақын-жазушылар, оқытушылар және студенттер қатысты. Кеште студенттер түрік ақындарының шығармаларын және оның қазақ тіліндегі аудармараларын қатар оқып, қонақтарды жырмен сусындатты.

Сонымен қатар, апталықтың төртінші күні 1-3 курс студенттерінің арасында «Gençlik ve Tohlum», «Kusursuz dost arayan dostsuz kalır», «Kazakistan-Türkiye Kardeş Ülkeler» тақырыптарында шығарма жазу сайысы болды. Әділ-қазылар жақсы жазылған шығармаларға өз бағаларын берді. 1орынды 3 курс студентті Нуркеева Меруерт, 2 орынды 1 курс студенті Ескірмес Әсел, 3 орынды1 курс студенті Толегенова Дилназ иеленді.

Апталықтың соңғы күні түрік халқының суда сурет салу «Ебру» өнерінің көрмесі болды. Көрмеде «Ебру» өнерінің туындылары қойылды және студенттерге суда сурет салудан мастер-класс өткізілді. Жабылу салтанатында белсенді атсалысқан студенттерге алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.