Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті,  Түрксой кафедрасының студенттері Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде өткен түрік тілі бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 курс студенті Тұрлықұл Диана алғыс хатпен марапатталды.
   2018 жыл, 25.09.2018-25.01.2019 аралығында болған "Ғылыми зерттеулер" оқыту бағдарламаларын Нигде Омер Халисдемир университетінде сәтті аяқтағаны үшін Ешметова Балжан жетістік сертификатымен марапатталды. 
   2018 жыл, 22 қазан және 5 қараша аралығында болған "Ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлық" оқыту бағдарламаларын сәтті аяқтағаны үшін Юсупова Дильназға жетістік сертификаты. 
   2018 жыл, 22 қазан және 5 қараша аралығында болған "Ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлық" оқыту бағдарламаларын сәтті аяқтағаны үшін Жұмашева Мөлдірге жетістік сертификаты.
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Әділова Мунира жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Тұрғанбаева Тоқжан жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Құтлұмұратова Сәуле жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 3-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Мамекпаева Инкар жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2018 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 2-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Курмангалиева Аяулым жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2018 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 3-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3-курс студенті Сулейменова Айнара жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 1-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Тажадин Айнұр жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2018 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 3-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Токпулатов Давлат жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 3-ші орын алғаны үшін марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз
Дәстүрлі V Халықаралық Фараби оқулары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де сәуір айында басталды. Шығыстану факультетінде өткен «Фараби әлемі» атты xалықаралық конференцияға 139 студент қатысты. Түрксой кафедрасы бойынша «Түркітану» мамандығында оқитын 2 курс студенті А. Сүлейменова және 3 курс студенті А. Тажадин 1-орынды иеленді. Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз!

 

 

ТҮРКСОЙ  ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАДЫ

 

Бұдан 3 жылға жуық уақыт  бұрын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бастамасымен Шығыстану факультетінде ТҮРКСОЙ кафедрасы ашылған болатын. Жақында осы кафедраның ең үздік студенттеріне Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) атынан игі дәстүрге айналған шәкіртақы арнайы табыс етілді.

           Халықаралық ұйымның  ТҮРКІСОЙ-дағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев ТҮРКСОЙ кафедрасының "Түркітану", «Шетел филологиясы: түрік тілі», «Аударма ісі», «Шығыстану» мамандықтары бойынша білім алатын студенттерді ынталандыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында берілген шәкіртақыны арнайы келіп табыстады.  Әрбіреуі 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі бірреттік шәкіртақы ТҮРКСОЙ кафедрасының белсенді және ең озат 5 студентіне  берілді.

         Жиында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымның ТҮРКІСОЙ-дағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің басшылығын соңғы уақыттағы білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық деңгейде қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, халықаралық ұйым мен университет арасындағы  ынтымақтастықтың бұдан әрі де дами түсетініне сенім білдірді. 

           Жиын соңында  Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ТҮРКСОЙ ұйымының басшылығына студенттерге көрсеткен қолдаулары үшін ерекше алғысын білдірді.

 

ТҮРКСОЙ кафедрасы   Ешметова Б.Б.

 

 

 

Ынтымақтастықты дамыту мақсатында әл-Фараби атандағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасының профессор м.а.,  т.ғ.к.   Қайрат Жүніс Йылдырым Баязит атындағы университет (Анкара қаласы) ұйымдастырған «Хожалы» халықаралық симпозиумына қатысып, ғылыми баяндама жасады. Ресми сапар барысында университет ректорымен кездесіп,  университеттер арасында меморандумға қол қойылды. Бұдан басқа «Эрасмус +» және «Мевлана» халықаралық бағдарламалар шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студент алмасуға және  университеттің оқытушы-профессорлар құрамының тағылымдамадан  өтуге мүмкіндік береді.

 

Түрксой кафедрасының ф.ғ.к.,

доцент м.а.  Қортабаева Г.Қ.

 


«Əл-Фараби өркениет ойшылы» 

 

Бүгін Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының оқытушысы Нұрат Құлымбетұлы Ілияс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, академик  Ғалымқайыр Мұтановтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Нұрат Құлымбетұлы ұлы ғұлама  Әбу Насыр Мұхаммед Əл-Фараби жайлы түсірілген "Əл-Фараби – өркениет ойшылы"  атты деректі фильмді түрік тілінен қазақ тілінде аударып шықты.

Доктор,  профессор Бекир Карлығаның жетекшілігімен «Медар» Стамбул xалықаралық  мәдени орталығы, Ескишеxир әкімшілігі, «Түрік әуе жолдары» және Анадолы университеті мен  Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ  бірлесіп түсірген  деректі фильмге  академик Ғ. Мұтанов пен профессор Ж. Алтаев кеңесшілер болды. Көркемдік жағынан әсерлі,  мазмұнды фильм жақында көрермендеріне жол тартпақ.  Философиялық  фильмді өте қысқа уақытта  аударып шығу оңай  емес.

Әріптесіміз Нұрат Құлымбетұлыны құттықтаймыз және жұмысына  үлкен табыс пен сəттілік тілейміз!

 

 

Қортабаева Г.Қ.

Шығыстану факультеті

Түрксой кафедрасының доценті

 

Әл-Фараби орталығы – екі ел арасындағы алтын көпір

Бұл орталық Стамбұл Университеті  жанынан 2016 жылдың 7 желтоқсан күні ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтановтың қатысуымен ресми түрде ашылды. Қазір  Ғылыми-зерттеу орталығына Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 2-курс магистранттары ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтуде. Орталық басшысы профессор Абдуллах Кызылжык  университетімізден барған әр студентті жылы  қарсы алып, жан-жақты ізденуіне, университет кітапханаларынан қажет мәліметтер алуға, оқытушылардың дәрістеріне қатысуға жағдай жасап отыр. Қазіргі уақытта факультетіміздің белді оқытушысы доцент Ораз Сапашұлы Сапашев  Стамбұл Университетінің Әдебиет факультетінде түркітану мамандығында оқитын студенттерге қазақ тілінен дәрістер оқып әрі осы орталыққа өз үлесін қосып жүр.

            Магистранттар Фараби орталығының бағдарламасы бойынша Түркиядағы ең үлкен қолжазбалар қоры сақталған Сүлеймание кітапханасына барып, жұмыс істеуде. Кітапхана қоры өте үлкен. Мұнда Осман империясы тұсындағы падишахтардың, сұлтандардың, ғалымдар мен дін басыларының құнды кітаптары, сондай-ақ Анадолы аймағындағы түрлі кітапханалардан әкелінген еңбектер топтастырылған. Мәселен, Фатих Сұлтан Мехмет, II Баязит сұлтан, I Махмұт сұлтан, I Абдулхамит, I Ахмет сынды ел басқарған патшаларға тиесілі еңбектер  көптеп кездеседі. Бүгінде кітапханада 117-ге жуық жинақ (коллекция) бар. Мұнда жинақталған жалпы саны 125 мың болатын қолжазбалар, 50 мыңға жуық баспа шығармалар бар. Бұлардың барлығы дерлік Түркияның түрлі аймақтарының кітапханаларынан әкелінген еңбектер. Кітапханада түпнұсқа шығармалар сақталып, ізденушілер үшін еңбектердің микрокөшірмесі де жасалынған.

Сондықтан бұл құнды қолжазбалардың «Түркітану»  мамандығында оқитын магистранттар үшін  өте маңызды, қажеттілігіне еш  күман жоқ.

 

 

Қортабаева Г.Қ.

Шығыстану факультеті

Түрксой кафедрасының доценті

ҚазҰУ – әлемді өзгертер идеялар мекені

 

2016 жылғы Алтын күздің 21 қазан күні Мемлекеттік Орталық музейде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Мини «ЭКСПО-2016» көрме-байқауын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты: Алматы қаласының тұрғындарын «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпараттандыру, жергілікті жерде көрмені насихаттау, азаматтардың инновациялық идеяларын қолдау және ынталандыру, аймақ тұрғындары есебінен «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылар санын арттыру болатын. Бұл байқауға Алматыдағы көптеген үміткер университет студенттері  инновациялық жобаларымен келіп қатысты. Жобаға қатысушыларды «Ең үздік өнер табысы»,   «Ең үздік өнертапқыш әйел»,    «Ең жас өнертапқыш»,   «Жас дарын», «Ең белсенді өнертапқыш» аталымдары бойынша бағалы сыйлықтар күтіп тұрды.

Бұл байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттары мен  жоба жетекшілерінің басшылығымен инновациялық көптеген жобалар ұсынды. Гуманитарлық сала бойынша қатысқан  Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттері  ерекше дайындықпен келгенін атап өтуге болады. 4 курс студенттері  Юсупова Дилназ «Қазақстан және түркі әлемі», Аюпова Дилярам, Имашева Зульфера «Түркі әлемі – Тұран»  атты жобаларды жоғарғы деңгейде қорғап шықты. Олардың жұмыстарына жетекшілік етіп, ҚазҰУ Шығыстану факультеті, ТҮРКСОЙ кафедрасының оқытушысы Балжан Ешметова Батырханқызы «Ең үздік өнертапқыш әйел» аталымы бойынша жеңіске қол жеткізді. «Жанашыр» қоғамдық қорының Президенті Ж.Апетова және Алматы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Н.Сыдықовтың   қолдауымен өткен жоба өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Ұйымдастырушылар тарапынан  «Алматы – үшін бұл өте үлкен көрсеткіш» деп бағаланды.

Байқауға 50-ден астам жобалар ұсынған студенттер, магитранттар, ғылыми қызметкерлер қатысты. Конкурс барысында Қазақстанның дамуы негізінде студенттер тарапынан өте жақсы ой-пікірлер, идеялар ұсынылды. Көптеген жобалар ауыл шаруашылығы мен экономиканың дамуына өзіндік үлес қосар маңызы жоғары екендігі ұсынылған жобаның тақырыбынан-ақ байқалып тұрды. Соның ішінде үздік деп танылған біздің университет өкілдерінің жеңісі ерекше атап өтуге тұрарлық. Дегенмен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – қазіргі заманауи жаңашылдыққа қол жеткізген жетекші, көшбасшы университет екенін өзінің жетістіктері мен жеңісі арқылы тағы да дәлелдеді. Жеңістерің құтты болсын біздің студенттер! ҚазҰУ тек алға!

 

 

Ешметова Б.Б.

Зам.зав кафедры ТЮРКСОЙ


Марапаттау Сипаттамасы
1

Білім және Ғылым министрі Ж.К.Түймебаев профессор Р.А.Авакованы "Университеттің ең үздік оқытушысы" атты грантпен марапаттап жатыр. Астана қаласы (2008 ж.)

2011 жылдың 25 – 26 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шет тілдері бойынша Республикалық жарыс өткізген болатын. Кешенді тесте 2-ші орынды 4 курс студенттері Айжан Темербаева, 3-ші орынды Балахожаева Айгерім иеленіп, жеңімпаз атанды.
3

"Түрік әндерінің үздік орындаушылары" атты жарыста I орын иегері С.Габбасова

( наурыз, 2014 ж.)

 

Обладательница I места С.Габбасова в конкурсе «Лучшие исполнители турецких песен» (март 2014 г.)ript>AR-SAript>