Спорттық-сауықтыру кешені

Спорттық-сауықтыру кешені

«Спорттық–сауықтыру кешені» университет қызметкерлері мен студенттерін денсаулығын жақсартумен айналысуға қаматамсыз етеді. Оқу-жаттығу үрдісін денешынықтыру кафедрасы жүзеге асырады және әртүрлі деңгей мен рангтегі спорттың 22 түрінен жарыстар өткізуді қамтамасыз етеді. Кешеннің жалпы аумағы 7250 шаршы м. Жеке база жалпылық спортты көтеруге үлкен әсер етеді. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес. Боксер, волейболист, баскетболист, гимнаст және тағы басқа спорт түрлерінің өкілдерінен спорт шеберлерінің саны артты. Бүгінде университет келесідей спорттық құралдарды ұсынады:

  • 3000 орындық трубиналық алаң (жасыл алаңқайлы футбол алаңы; спорттық ядро; жасанды төсенішті жүгіру алаңы);
  • 300 орындық трубиналы футбол-бейсбол алаңы;
  • жасанды төсенішті мини-футболға арналған 3 алаң;
  • 2 спорт зал (әр қайсысының аумағы – 680 шаршы м.);
  • 6 ашық теннис корттары;
  • жағажай волейболы алаңы;
  • атлетикалық гимнастика және аэробикамен айналасуға 2 зал;
  • фитнес-зал;
  • жалпы күрес, бокс, күрес залы (күрес кілемі, татами);
  • ЕДШ үшін дайындық залы;
  • шахмат залы;
  • арнайы медициналық топтағы студенттер үшін 2 зал;
  • емдік шынықтыруға арналған зал;
  • 2 оқу аудиториясы.

Осы жылы ҚазҰУ-нің спорттық-сауықтыру кешенінде жаңа 25-метрлік жүзу қауызы (көлемі 25х16 м) эксплуатацияға берілуге дайындалуда. Қауыздың тереңдігі 18,8 м.-ден 1,92 м.-ге дейін, сыйымдылығы 745 м3. бірмезетте 60 адамды қабылдай алады. Бұл нысан мемлекеттік жекелік әріптестік негізінде салынған, суды тазалау мен жылытудың заманауи технологиялық жабдықтарымен жабдықталған. 2-қабатта 280 шаршы м. болатын дене шынықтыру залы және аумағы 95 шаршы м. болатын құрғақ киім ауыстыратын зал бар.

Жатақханаларда:

  • 2 волейбол алаңы;
  • мини-футбол алаңы;
  • химия факультетінде баскетболға арналған ойын алаңы;
  • үстел теннисі залы.

Спорттық дәстүрлер ҚазҰУ-ң білім беруінде алғашқы күннен басталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Осы жылдары біздің студенттер Олимпиадалық ойындарда, Әлем чемпионаттарында, Әлемдік Универсиадалар мен Азия және Еуропа чемпионаттарында ел намысын абыройлы қорғап келеді.

Университет студенттері келесідей жеке спорттық секцияларда жаттығады: армрестлинг, бадминтон, баскетбол, бокс, волейбол (2 бөлім), үстел теннисі, футбол, мини-футбол, еркін күрес, қазақша күрес, дзюдо, самбо, каратэ-до, таэквандо, жеңіл атлетика, шахмат, үлкен теннис, кикбоксинг, дартс, ци-гун, «Денсаулық» тобы, тоғыз құмалақ, регби, «Ғылым және спорт» ғылыми үйірме.

Спорттық аренада дәстүрлі жарыстар ретінде университеnтік спорттық клубтар өткізетін Ректор кубогы, Қазақстан Республикасының универсиадасы, факультет аралық спартакиада, Бірінші курстар күні және т.б жарыстарды айтуға болады. ҚазҰУ-ң оқу-спорттық кешені студенттер үшін сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін ашық.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қырғызстан Республикасында, Ыстық-көл жағасында спорттық-сауықтыру орталығына ие. Лагер аумағында 5 қабатты 361 түнеу орынды корпус бар. Тұруға ыңғайлы бір және екі орынды, үш және төрт орынды (люкс, жартылай люкс, тұруға қолайлы нөмерлер) нөмерлер қарастырылған. Қабаттарда жұмсақ диван мен орындықтар мен жабдықталған холлдар бар. Лагердің көп жылғы әрекеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның студенттері мен қызметкерлерінің емдік-сауықтыру бағытында жасалып келеді.

Байланыс телефоны: +7 (727) 377 33 84, іш. 1374