Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бастамасымен 2012 жылы 17 маусымда Тұрақты дамуға бағытталған Рио+20 БҰҰ Конференциясы ресми шаралары аясында жүзеге асқан «Жасыл көпір. Ұрпақтан ұрпаққа» секциясы

22.06.2012

Көрулер: 1673

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың жаһандық энергия-экологиялық стратегиясы» және «Жасыл көпір» бастамаларына негізделген Мыңжылдық Саммиті шеңберінде жеке секциясын өткізген ТМД жоғары оқу орындарының ішінде жалғыз университет болып табылады.

Аталмыш секция Колумбия университеті (АҚШ), Лиссабонның жоғарғы инженерлік институты (Португалия), «Дубна» Табиғат, қоғам және адам халықаралық университеті (Ресей), Мальта Әулие Кирилл университеті (Мальта), Рио-де-Жанейро федеральдық аграрлық университеті (Бразилия), Бразилия Католик университеті, Азия технология институты (Тайланд) сынды әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары ғалымдарының серіктестігі негізінде дайындалды және жүзеге асты.

Сайд-ивент жұмысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов модератор болып, оған ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, «Парасат» Ұлттық техникалық холдинг өкілдері, Парламент Сенаты депутаты Х.Х.Валиев, Халықаралық «ҚазҰУ Достар Клубы» мүшелері, халықаралық мамандар, алдыңғы қатарлы университеттер ғалымдары катысты.

Секцияда ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың «Тұрақты даму стратегиясын кадрмен қамтамассыз ету мәселесі. Энергия- экологиялық аспект» атты басты баяндамасы оқытылды. Ректор өз баяндамасында ҚР Президенті «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың жаһандық энергия-экологиялық стратегиясы» және «Жасыл көпір» идеяларының маңыздылығы мен өзектілігі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар жоғарда аталған бастамалар бойынша ҚазҰУ-да атқарылып отырған шараларға да тоқталып өтті. Осындай көпірдің тек мемлекеттер, ғылым, бизнес, қоғамдық институттар арасында ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар арасында да орнатылуының маңыздылығын ескере отырып, Ректор тұрақты дамуды ілгерілеу және «Жасыл көпір. Ұрпақтан ұрпаққа» Халықаралық консорциумын құру мақсатында әлем университеттерінің күшін біріктіруді ұсынды.

Консорциум тұрақты даму мәселелерін маманданатын алдыңғы қатарлы ғылыми мектептердің әуелетін біріктіріп, зерттеулерді үйлестіру және осы саладағы жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында құрылатын болады. Аталмыш жобаны талқылау үшін ҚазҰУ-да виртуалды және коммуникативтік платформасы ашылды (http://rio20.kaznu.kz).

Секция ашылуында БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран алғы сөзі сөйледі. Ол ҚазҰУ-дың Орталық Азия елдері арасында БҰҰ мен жоғары оқу институттарын байланыстыратын «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған алғаш университет болғанын айтты. Университет адам құқығы, сауаттылық, тұрақты даму және жанжалдарды шешуге қатысты бүкіләлемдік он қағидасын қолдауға үлкен үлес қосып келеді. Р.Дамударан университет ұжымын QS Халықаралық агенттігі бағасына сәйкес тұрақты даму мәселесі бойынша ғылым, инновация және осы салада кадр дайындау тәжірибесі арқылы, сонымен қатар ғаламшардың болашағына үлес қосатын алдыңғы қатарлы әлем университеттері арасынан танылғандығымен құттықтады.

Келесі баяндаманы «Тұрақты даму мақсатындағы инженерия» тақырыбында Лиссабон жоғарғы инженерлік институт президенті Хосе Карлос Квадрадо оқыды. Ол халықаралық білім саласындағы жаңа үрдістер, тұрақты даму мәселелері және жоғары біліктілік пен кәсіби түрде қиындықтарды жеңе білетін кадрлар дайындаудағы университеттер рөлін арттыру, сонымен қатар аталмыш мәселелерді шешудегі он екі түрлі инженерлік қағида туралы айтты. Қорыта келе, академик Ғ.Мұтанов ұсынған декларация жобасы мен Халықаралық консорциум құру идеясын толықтай қолдайтынын айтты.

Бразилия жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің Президенті және Федеральдік аграрлық университет ректоры Рикардо Мотта Миранданың «Жасыл көпір. Ұрпақтан ұрпаққа» серіктестік бағдарламасы аясында Бразилия университеттерінің ынтымақтастық болашағы» атты баяндамасы тыңдаушылардың ерекше ықыласына бөленді. Ол өз университеті және MDP Global Classroom бағдарламасын негізге алып, Бразилияның алдындағы қиындықтар, тұрақты дамумен айналысатын кадр дайындау тәжірибесі туралы айтты және осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар профессор Мотта халықаралық ынтықтастықты орнатпай аталмыш мәселелерді шешу мүмкін еместігіне баса назар аудара отырып, «Жасыл көпір. Ұрпақтан ұрпаққа» бастамасы ынтымақтастықты нығайтуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

Профессор Мотта Бразилия жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің Президенті ретінде университеттер Консорциумын құру жөніндегі дер кезінде жасалған бастаманы толықтай қолдады.

Келесі баяндама Әлем Ноосфералық рухани Ассамблеясының (Ресей, Дубна) президенті Любовь Гординаның баяндамасы «ХХI ғасырдағы бүкіләлемдік өркениеттің дамуының ноосфералық үлгісі. Әлемдік азаматтық қоғамның жаһандық стратегиялық бастамасы. Адамзаттың этикалық және экологиялық конституциясы» тақырыбына арналды.

Баяндамаларға кіріспес бұрын, Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелері отырыс қатысушыларын ғаламшарды болашақ ұрпақ үшін сақтауға шақыратын видеоматериал көрсетілді.

Профессор Л.Гордина Ассамблеяның тұрақты даму саласындағы қызметі, этикалық және экологиялық конституцияның рөлі, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндігі туралы сөз қозғады.

Бразиялия Католик университеті профессоры Зигрид Гуилау студенттер тәжірибесі және тұрақты дамуға арналған оқу бағдарламаларының дамуы туралы айтты. Профессор Гуилау ҚазҰУ ректорының Ғ.Мұтановқа ҚазҰУ-да өтетін сайд-ивентқа қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдірді және «Жасыл көпір. Ұрпақтан ұрпаққа» халықаралық білім жобасы мен Қазақстан бастамаларын жүзеге асыру мақсатында консорциум құру идеясын қолдауға дайын екенін айтты.

Пленарлық баяндамалардың аяқталу барысымен ғалымдар, мамандар, Федеральдық аграрлық және Католик университтері студенттері қатысқан пікірталас орын алды. Пікірталас барысында бірауыздан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Секция жұмысы қорытындысында қазіргі заманның жаһандық мәселелерін жеңу үшін қажетті инновациялық және ғылыми тұрғыдан негізі бар қағидалар ретінде ҚР Президентінің бастамаларын қолдау мақсатында Резолюция қабылданды.

Секция қатысушылары XXI ғасырдағы жаһандық энергия –экологиялық стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде біріккен білім кеңістігін құру және тұрақты дамудағы жастардың рөлін арттыру, «Жасыл көпір» жобасын іске асыру басты міндеттердің бірі болып танылды.

Мәселен, БҰҰ профессоры және маманы Боб Миллер Қазақстанның тұрақты дамуға, энергоресурстарды тиімді пайдалануға баса назар аударып отырғанын айтып, Қазақстан бастамалары мен ҚазҰУ-дың халықаралық консорциум құру идеясын қолдайтынын білдірді.

Тұрақты даму саласындағы белгілі маман Таня Бэлфорд (Бразилия) секция жұмысын Қазақстанның тұрақты дамумен айналысатын ғалымдар мен мамандардың еңбегінің көрсеткіші ретінде бағалап, ҚазҰУ ректоры ұсынған бастамаларды қолдады.

Секция жұмысы төмендегі бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болды: АО «Блумберг»(АҚШ), Бразилияның ірі телекорпорациясы «Global TV». ҚазҰУ Ректоры Ғ.Мұтанов «Chronos Production Inc» канадалық телекомпания тілшісі Мэлком Картерге сұхбат берді.

Секция қорытындысында келесі шешімдерге қол жеткізілді:

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың энергия-экологиялық стратегиясы» және «Жасыл көпір» бастамаларын қолдау, оларды жүзеге асыру мақсатында академиялық байланыстарды нығайту;
  • БҰҰ аясында халықаралық ынтымақтастық арқылы ең қиын мәселелерді шеше алатын білікті кадр дайындауды көздейтін «Жасыл көпір.Ұрпақтан ұрпаққа» жобасын жалғастыру;
  • Тұрақты даму саласында кадр дайындауды және қайта дайындауды мақсат тұтатын университеттердің халықаралық консорциумын құру (бұл бірлестік қатарына РИО+20 Конференциясының бірқатар қатысушылары кіруге және ат салысуға дайын екенін білдірді);
  • Барлық қатысы бар тараптарды аталмыш бастамаларды талқылау және өз пікірін білдіру үшін ҚазҰУ-да арнайы ұйымдастылырған виртуалдық және коммуникативтік платформасына шақыру (http://rio20.kaznu.kz);