Жетістіктер

Ұлттық рейтинг

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында үшінші орында, QS рейтингісі бойынша соңғы екі жылда әлемдегі үздік топ университеттер қатарында, Қазақстан университеттер арасындағы ең үздік университет болып саналады. Университеттің QS рейтингісіндегі позициясы – 305 орын.

КазНУ возглавил рейтинг лучших сайтов казахстанских университетов. Позиция университета в рейтинге Webometrics в 2016 году - 1 Место в Казахстане (2001 место в мире)

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ беделді ThomsonReuters агенттігінің «2011 жылғы ғылым төңірегіндегі жетістіктері үшін» арнайы дипломымен марапатталған Қазақстан Республикасындағы бірінші жоғарғы оқу орын.

Атақты халықаралық «GreatValueColleges» ұйымының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлем бойынша 50 технологиялық дамыған университеттер қатарына кіріп, рейтингте 31 орын иемденді. ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа, сонымен бiрге Сингапур, Жапония, бүкіл Азия континенті арасында қазақстандық ЖОО жалғыз өкіл екендігін айта кеткеніміз жөн.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да UNITWIN бағдарламасына сәйкес, ЮНЕСКО кеңесімен даму бойынша Орта азиялық тұрақты даму бойынша аймақтық ЮНЕСКО хабы құрылды. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ашылды.

Болон үдерісінің негiзгi қағидаларына бейiмделуге толық рұқсат беретін және еуропалық ЖОО академиялық саясатының стандарттарына сай ЕС - TEMPUS, ERASMUSMUNDUS бағдарламасы бойынша Университет Қазақстан Республикасында көшбасшы болып келеді. Бұл ТЕМПУС-тың 9 жобасы, ЭразмусМундус-тың 7 жобасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 жобаға координатор.


Университет халықаралық серіктестікте көптеген ірі халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын қолға алып отыр, мысалы өзінің диалогтік алаңы бар «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» жобасы www.greenbridgework.kaznu.kz

2014 жылдың қаңтар айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жаhандық хаб United Nations Academic Impact (БҰҰ академиялық ықпал) тұрақты даму бойынша басқару сеніп тапсырылды.

UNIFORM Project Халықаралық консорциум негізінде Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихында бірінші рет сирек кездесетін жоба отандық Наноспутникті әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әзірлеме басқа да жобалар сияқты Экспо-2017 көрмесінде таныстырылмақ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында «Алатау» ИТП-ның үшінші кезеңі әзірленбек. Бұл ғылыми-білім беру және инновациялық кластердің құрылуы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі «даму нүктесі» болып табылады.