«КазҰУ Кубогы»
14.02.2019Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85-жылдығына арналған мерейтойды атап өту аясында «КазҰУ Кубогы» атты университет қызметкерлерімен оқытушы профессорлар құрамынан құрылған мини-футболдан турнир өтеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85-жылдығына арналған мерейтойды атап өту аясында «КазҰУ Кубогы» атты университет қызметкерлерімен оқытушы профессорлар құрамынан құрылған мини-футболдан турнир өтеді.
ҚазҰУ-да 16-23 ақпан аралығында «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» атты ұстаздарға арналған республикалық әдістемелік семинар өтеді.
Құрметті магистранттар, студенттер, оқушылар!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85-жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалары аясында өтетін «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына магистранттар, студенттер мен оқушыларды қатысуға шақырамыз.
2019 жылдың 16 ақпанында (сенбі) сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Ууниверситетінің медицина және денсаулық факультетінің 1-ші қабатындағы мәжіліс залында «Журнал клубы» ғылыми үйірмесінің сегізінші отырысы өтіп, онда сенімді ғылыми нәтижелерге негізделген деректер түсіндіріледі.
2019 жылдың 6 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А. Байтұрсынов атындағы тілтану Институты және мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесе отырып, «Түркі жазуы: рунадан латын әліпбиіне дейін» атты дөңгелек үстел өткізеді.
Медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында, 2019 жылы 25-ші қаңтар күні, сағат 17.00-ден 19.50-ге аралығында медицина ғылымының докторы, PhD Д. Винниковтың «Экспозиция - ауру», ассоциациясының қалыптастыру принциптері атты ашық сабағы өтеді.
25 қаңтарда тарих, археология және этнология факультетінде «XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді шешуге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
2019 жылдың 24 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Жастар жылына арналған студенттер форумы өтеді. Шараға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының 2 мыңнан астам студенті мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігімен бірлесе, Үндістан Республикасының 70-жылдығы және Махатма Гандидің 150 жылдық мерейтойы аясында Алматы қаласында 2019 жылдың 28-31 қаңтар аралығында «Үндістан күндері» фестивалін өткізеді.