Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді

15.02.2017

Көрулер: 354

2017 жылдың 16 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер Министрлігі, БҰҰ қоғамдық ақпарат Департаменті, әкімдік, дипломаттық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері атсалысады.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ғылыми кітапхана (4-қабат, мәжіліс залы).

Өтетін уақыты: 16 ақпан 2017 жыл, сағат 10.00

 

ҚазҰУ баспасөз қызметі