Психологиялық жұмысты ұйымдастыру

23.02.2017

Көрулер: 821

2017 жылдың 28 ақпанында жалпы және қолданбалы психология кафедра мен әскери кафедра бірлесе отырып «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Психологиялық жұмысты ұйымдастыру» әскери-есептік мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арнап тәрбиелік іс-шара ұйымдастырады.

Іс-шара ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай «Əскери психология: ерекшеліктері мен даму келешегі» тақырыбында семинар формасында өтеді.

Барлық қатысамын деушілер шақырылады!

Өткізілетін күні және уақыты:  28 ақпан 2017 жыл, сағат 10.00 

Өткізілу орны: әскери кафедраның акт залы

Ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасы