«ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: БОЛАШАҒЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ»

18.04.2017

Көрулер: 940

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

"М-КАТ GREEN" компаниясымен бірігіп,Алматы қаласында 2017 жылдың 21 сәуір күні

«ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ:

БОЛАШАҒЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ»

Халықаралық Форумы өткізетіндігін хабарлайды 

Форум «жасыл» энергетиканың алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі нақты шараларды жариялайды, баламалы энергетика және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаларға инвестиция тарту тәжірибесін бөлісуге, сонымен қоса тұрақты энергетика саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.

Форум аясында халықаралық ұйымдар, қаржылық институттар, жеке сектор, азаматтық қоғам мен ғылымның өкілдері заманауи тиімді энергия мен ресурстық үнемдеуші технологияларды пайдаланып, энергияның таза және қауіпсіз көздерін қолдануға жылдам көшуді үстемелейтін ортақ іс-әрекет жоспарларын жобалайды.

Осы орайда Форумның жұмысына Сіздерді келесі бағыттар бойынша қатысуға шақырамыз:

  1. ЖЭК дамуының негізгі кедергілері, оларды кеміту жолдары.
  2. ҚР ЖЭК дамыту қажет пе?
  3. Уәкілетті органдардың саясатында ЖЭК дамыту басымды ма?
  4. ЖЭК дамуының сауатты стратегиясын құруда мемлекеттік органдардың мотивациясын қалайша арттыруға болады

 

  1. Бұл Форумда Сіздің қатысуыңыз біздің еліміздің тұрақты дамуына жаңа серпін беріп, Елбасының тапсырмаларын орындауда өз үлесін қосарына сенімдіміз.

 

Форумның ұйымдастыру комитеті

 

 Қосымша ақпарат үшін:

Бөлегенова Салтанат  +7(727)377-34-08; +7(701)386-97-55; +7(707)724-49-80