«Қоршаған орта мониторингінің жаңа әдістері»

11.05.2017

Көрулер: 957

2017 жылы мамыр айының 12 жұлдызында сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде ЖШС «Геостройизыскания» компаниясымен біріккен «Қоршаған орта мониторингінің жаңа әдістері» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Іс-шара барысында «География, жерге орналастыру және кадастр» және «Картография және геоинформатика» кафедраларына 99 млн. теңге көлемінде 66 компьютерлік орынға лицензиялық арнайы «Topocad» бағдарламасы материалдық дотация түрінде беріледі.

ЖШС «Геостройизыскания» компаниясы Topcon, Sokkia, Leica, Proced геодезиялық құрал-жабдықтарын өндіруші әлемдік брендтерімен бірге қызмет жасайтын ТМД елдеріндегі ең ірі холдингтің құрамына кіреді және Қазақстанда 10 жылдан астам қызмет көрсетеді.

Дөңгелек үстелге шетелдік серіктестер «CHC Navigation» (ҚХР)  корпорациясының президенті Джордж Жао, «CHC Navigation» корпорациясының ЕМЕА, ТМД, Шығыс Азия бойынша аймақтық директоры Рашид Бурхлал мен ЖШС «Геостройизыскания» компаниясының бас директоры Кузнецов Денис Александрович, техникалық директоры Бедюров Дмитрий Михайлович, коммерциялық директоры Васильев Кирилл Юрьевич,  Геосервис» компаниясы сервистік орталығының директоры Сергушин Дмитрий Александрович, сонымен қатар география және табиғатты пайдалану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысады. 

 

Кездесу өткізілетін орны:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

№ 6 оқу ғимараты, география және

табиғатты пайдалану факультеті,

 219 аудитория