Корей түбектерін қосу мәселесі бойынша Халықаралық ғылыми форум өткізіледі

18.05.2017

Көрулер: 1263

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 19 мамырда сағат 13:30-да  Корей түбектерін біріктіру мәселесіне арналған Халықаралық ғылыми форум өткізіледі.

Форум ұйымдастырушылары: Корея Республикасын біріктіру министрлігі, Кореяны бейбіт және демократиялық тұрғыда біріктіру жөніндегі Орталық-Азиялық Консультативтік Кеңесі, Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматылық Ұлттық Корей орталығы.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты 80 жылдық тарихы бар бұрынғы кеңес елдеріне корей ұлтының көшуін негізге ала отыра, Корей түбегін біріктіру идеясын көпшілікке тарату.

Сонымен қоса 20 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында алтыншы рет корей халқының бейбіт бірігуіне арналған фестиваль өткізіледі.

Іс-шараға Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның үкіметтік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері, корей диаспорасы, Қазақстандағы Оңтүстік Кореяның азаматтары, студенттер және қала тұрғындары қатысады.   

Уақыты мен мекенжайы: 19 мамыр, сағат 13:30-да, Әл-Фараби атындағы кітапханасы, 4 қабат.