«Түркі әлемі ислам өркениеті контекстінде» халықаралық конференцияcы

19.07.2017

Көрулер: 1361

27 – 28 тамызда Стамбул университеті жанындағы әл-Фараби Орталығында №3693/ГФ4 «ЖаҺанданған социумдағы Орта Азия түркілерінің діни идентификациясы» атты іргелі зерттеулеулер жобасы аясында «Түркі әлемі ислам өркениеті контекстінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Жоспарлап отырған халықаралық конференцияның негізгі бағыты ортақ тарихи-мәдени кеңістік, аймақтық ерекшеліктер және олардың өзара қарым-қатынасы «діни-мәдени үйлесімділік және Орта ғасырлар мен жаңа замандағы Орта Азиядағы түркілер қоғамының конфессионалды-мәдени толерантылық үлгісі (компоративті талдау)» үлкен жобасының ауқымында өтеді.

Конференцияның жобасы бір мәселеге арналады: Орта Азиядағы исламның қазіргі жағдайына және діни идентификацияға, сондай-ақ қазіргі Орталық Азиядағы исламның жағдайы мен олардың мәдени ұқсастықтарының негізінде индентификациялануы мен қазіргі араб әлемімен байланысы діни контексте қарастырылады.

Мәселені осындай қырынан қарау қазіргі таңда дін арасындағы діни-мәдени үйлесімділік пен толеранттылыққа негіз болатын исламдағы өзіндік ерекшеліктері бар конфессиялық факторлар тұрғысынан зерделенбек. Көтерілетін мәселелердің қатарында, сондай-ақ араб және түркі әлемінің арасындағы мәдени ұқсастықтар мен айырмашылықтарға да көңіл аудару, қазіргі таңда қауіпті болып отырған дәстүрлі емес ислами бағыттардың туындауының себептеріне үңілу, Орталық Азиядағы дін мен мәдениеттің үйлесімділігі, дәстүр сабақтастығы тақырыптары да қозғалады.

 Конференцияда төмендегі мәселер талқыланады:

- Орта Азиядағы мұсылмандардың рухани құндылықтары мен мұсылмандар;

- Орта Азиядағы зайырлы өкімет және мұсылман қауымы: ислам факторына қатысты прагматикалық және прагматикалық емес саясат;

- Діни және мәдени идентификация: зерттелу жағдайы мен келешегі;

- Түркі әлемінің ислам өркениетімен сабақтастығын зерттеу барысындағы әдістемелер мен болжамдар;

- Әлемдік саяси үрдістердегі дін мен исламның рөлі;

-Қазіргі түркітанудағы дүниетаным мен дін мәселелері.

Конференцияға дін, социум және мәдениет саласында зерттеу жүргізіп жатқан отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Сондай-ақ конференция аясында 3268/ГФ4 іргелі зерттеулер жобасының негізінде көрнекті түркітанушы ғылым А.С. Аманжоловты еске алу құрметіне арналған «Түркі эпиграфикасы мен палеографиясы» атты дөңгелек стол өткізіледі.

 Конференция – қазақ, орыс және түрік тілдерінде өткізіледі.

Баяндамашыларға арналған регламент: 5-7 минут.

Конференция материалдары арнайы басылымда жарық көреді. Баяндамаларыңызды көрсетілген майл адресіне жолдай аласыздар: sapashevo@gmail.com, gabdullin5682@mail.ru

Конференцияның ұйымдастырушылары:

Стамбул университеті жанындағы әл-Фараби Орталығы, Айтматов Академиясы (Ұлыбритания) және ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің ТҮРКСОЙ кафедрасы.

Өткізілетін жері: Beyazıt, 34452 Fatih/Стамбул, Түркия