18-ші Бүкіләлемдік корей форумы

21.07.2017

Көрулер: 1652

2017 жылы 2-3 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында «Әлемдік көп этникалық және мультимәдени дәуірде бейбіт өмір сүру, алмасу мен ынтымақтастық» атты 18-ші Бүкіләлемдік корей форумы өтеді. Форумды өткізуге Қазақстан корей Қауымдастығы мен Алматыдағы Корея Республикасының Бас консульдығы қолдау көрсетеді.

Жаһандық корей қоры (World Korean Foundation WKF) Еуропа, Азия, Солтүстік Америка мен Австралия мегополистерінде орналасқан ірі әлемдік деңгейдегі университеттерде 17 рет жылсайынғы форумдарын өткізді: Ханой 2016ж. (17-ші), Лондон & Париж (2015, 16-ші), Улан-Батор  (2014, 15-ші), Ванкувер (2013, 14-ші), Манила (2012, 13-ші), Сидней (2011, 12-ші), Брюссель (2010, 11-ші), Сеул (2009,10-ші), Токио (2008, 9-ші), Пекин  (2007, 8-ші), Москва& Санкт-Петербург (2006, 7-ші), Женева (штаб-квартира ООН, 2005, 6-ші), Вашингтон  DC (2004, 5-ші), Берлин (2003, 4-ші), Лос Анжелес (2002, 3-ші), Хиросима (2001, 2-ші)  и Нью-Йорк (2000, 1-ші).

18-ші Жаһандық Корей Форумына (Global Korean Forum GKF) әлемнің 12 елінен саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, журналистер және қоғамдық ұйымның  жетекшілері саналатын 150 адам қатысады.

Форум аясында келесі секциялар жоспарланған:

  1. Корей түбегі және әлем
  2. Кореяның бөлінуі және Корей түбегіндегі әскери қимылдар кезеңі
  3. Мульти-полярлық кезеңдегі Азия
  4. Корей түбегі үшін бейбіт келісімге қол жеткізу
  5. Орталық Азиядағы диаспоралық қауымдастық
  6. 1937 жылғы күштеп депортациялау туралы тарихи естелік

 Форум жұмысына 80 жыл бұрын он мың адамды күштеп жер аударған Үштөбе қаласына 1 тамыз күні 23 шілдеде Владивосток қаласынан шыққан естелік поездымен 80-ге жуық форумға қатысушылары келеді. Үштөбеге жақын Бөстөбе жотасында орналасқан мемориалды кешенінде жер аударылған корейлерді делагация еске алып, қазақ халқына көрсеткен қонақжайлығына өз ризашылықтарын білдіріп автобуспен Алматыға келеді. Қалған қатысушылар әр елден әуежолмен ұшып келеді.

Форум шеңберінде корей қоғамымен кездесу, Корей театры әртістерінің қойылымы, түрлі елдің бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беру жоспарланған.