ҚазҰУ курсанттары әскери ант қабылдайды

21.08.2017

Көрулер: 603

2017 жылдың 23 тамызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының 500 курсанты әскери ант қабылдайды.

Салтанатты рәсімде запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасын сәтті меңгеріп, оқу-далалық жиыннан өткен қыз-жігіттер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, университет басшылығы, қоғам өкілдері мен туған-туыстарының алдында Отанына – Қазақстан Республикасына адал болуға ант қабылдайды.

Шара ҚазҰУ спорт кешенінің стадионында сағат 10.00-де өтеді.