«ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ: ҚАРЫЗ БЕН ПАРЫЗ»

03.10.2017

Көрулер: 312

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті 2017 жылдың 06 қазанында өтетін «Ұлттық интеллигенция: Қарыз бен Парыз» атты конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция мақсаты белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті  публицист-жазушы, әдебиет сыншысы С.Әшімбаев мұрасын қазіргі заман тұрғысынан терең тану арқылы ҚР Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарының негізінде тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа дәуір ұлт зиялысы қалыптасуының болмысын бағамдау, ұлттық интеллигенцияның ұлт алдындағы қарызы мен парызының мәні мен маңызын ашу, С. Әшімбаевтың ұлт зиялысы ретіндегі қайраткерлік, шығармашылық қызметінің қазақ қоғамының әдеби-мәдени даму үдерісіндегі тарихи орнын айқындау болып табылады.

Конференция қонақтары:

Байбек Бауыржан Қыдыралиұлы – Алматы қаласының әкімі  

Сұлтанов Құаныш Сұлтанұлы – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты 

 

Конференция қатысушылары:

Оразалин Нұрлан Мыркасымұлы – ҚР Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы

Габиббейли Иса – Әзірбайжан ғылым академиясының вице-президенті, Низами атындағы әдебиет Институтының директоры, академик

Қалижанов Уәлихан Қалижанулы – М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі

Дзюба Сергей Викторович – Украинаның халықарылық әдебиет және өнер академиясының президенті, Украина жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, қоғам қайраткері, журналист

 

Конференция шеңберінде келесідей мәселелер қарастырылады:

1. С. Әшімбаев – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, сыншы, публицист;

2. С. Әшімбаев және әдеби сының көкейкесті мәселелері;

3. С. Әшімбаевтың әдеби-публицистикалық мұрасы;

4. ЖОО әдебиетті оқыту мәселелері.

Конференциян өткізу орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті, Әл-Фараби атындағы кітапханасы, 4-қабат, 3-зал.

Конференцияның басталуы: Астана уақытымен 11.00.

Барлық мәселе бойынша мына номерге хабарласыңыздар: Тел.: +7 (727) 377 33 37 (1221, 1330), немесе мына e-mail: esoltanaeava@mail.ru