Қазақстандағы корейлердің 80-жылдығы

05.10.2017

Көрулер: 267

20 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың корейтану орталығы, қиыр шығыс кафедрасы және Конгук(Сеул) университетінің Кореяны біріктіру мәселесі жөніндегі гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы корейлердің 80-жылдығы: өткен заман сабақтары, заманауи трендтер және әлеуметтік-мәдени үдерісінің келешегі» атты конференция өтеді.  

Шараға Корея Республикасының Бас консульдігі, Қытай, Корея, Жапония университеттерінің профессорлары мен магистранттары және басқа да қонақтар қатысады.

Конференция екі секциядан тұрады.

Бірінші секция «Қазақстандық корейлер тарих ағымында»;

Екінші секция «Кореяны біріктірудегі гуманитарлық мәселелерді шешудегі шетелдік корейлердің рөлі»

Шара барысында қазақстандық корейлердің тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде зерттеу кітаптарының көрмесімен қатар, мерейтойлық фотокөрме өтеді деп жоспарлануда.

Мекенжайы мен уақыты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті сағ.10 00, 2 қазан күні.