Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының өзекті мәселелері

09.10.2017

Көрулер: 192

ҚазҰУ-да Қазақстанға әйгілі ғалым-заңгер, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектеп Академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор  Сұлтан Сартайұлы Сартаевтың 90 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметіне 68 жыл толуына арналған «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияға мемлекеттік  органдардың өкілдері - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысының орынбасары Т.С. Донаков; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот төрағасы К.А. Мами; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы И.И. Рогов;  Қазақстан Республикасының Бас  прокуроры Ж.К. Асанов, Қазақстанның және шет мемлекеттердің  заң  саласының  ғалымдары,  ғылыми-зерттеу  институттарының   мамандары, «Нұр Отан» саяси   партиясының және қоғамдық  бірлестіктердің  өкілдері, Қазақстанның білім мен ғылымының өкілдері қатысады.Шараға Қазақстанның және шет мемлекеттердің заң саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттардың мамандары, мемлекеттік  мекемелер мен «Нұр Отан» саяси партиясының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады.

Конференция жұмысында төмендегі мәселелер қарастырылады:                              

  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыстың және құқықтық жүйенің дамуының өзекті мәселелерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдірудің негізгі жолдарын және өзекті мәселелерін ашу;
  • Қазақстанның конституциялық заңнама жүйесін дамытудың келешегін анықтау;
  • Академик С.Сартаевтың мемлекеттік-құқықтық көзқарасын талқылау;
  • Академик С.Сартаевтың заң ғылымын және құқықтық тәжірибені дамытуға арналған ғылыми жұмыстардың маңыздылығын анықтау.

Өткізілу уақыты: 14 қазан 2017 жыл, сағат 10.00

Өткізілу орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ (ректорат, 15-қабат, мәжіліс залы)

Ұйымдастырушылар: ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Ұйымдастыру комитеті: ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тел.: 8 (727) 221-12-55, 87075751175, 87771110311 Турсынкулова Динара Ахановна