Сот орындаушыларының адалдығын қамтамасыз ету мәселелері

10.10.2017

Көрулер: 171

ҚазҰУ-да «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Сот орындаушыларының коммерциялық, банкілік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерге олардың қолжетімдігі жағдайында адалдығын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік сот орындаушыларының қызметіндегі мәселелерді, осы саладағы жемқорлық құқық бұзушылықтардың құқықтық статистикасының нәтижелерін кеңінен талқылау. Сондай-ақ мемлекеттік сот орындаушыларын қысқарту негізінде жеке сот орындаушыларының құрамын кеңейту бойынша іс-шараларды талқылау.

Дөңгелек үстелге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жетекші заңгер ғалымдар қатысады.

Іс-шара қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі.

 Дөңгелек үстелдің міндеттері:

- мемлекеттік сот орындаушыларының қызметінің проблемалық тұстарын ашу;

- осы салада сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою жолдарын көрсету;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Іс – шараға қатысушылар 2017 жылдың 9 қазанына дейін баяндамаларының тақырыбы мен тезистерін мына мекен-жәй бойынша бере алады:

 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы – 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, 3 - Бас оқу ғимараты, 3-қабат, 325 кабинет; байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55; е-mail: obshestvo.priem@gmail.com