«Семей полигонындағы соңғы жарылыс»

12.10.2017

Көрулер: 228

2017 жылдың 19 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар ұйымы «Семей полигонындағы соңғы жарылыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.  

Дөңгелек үстелге халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының төрағасының орынбасары Эфим Зуслин, жауапты хатшы Әлия Бекмағамбетова, ядроға қарсы қозғалыстың ақсақалдары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының өкілдері қатысады.

Өтетін уақыты және күні: 19 қазан 2017 жыл, сағат 14.30

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы кітапхана, 409 аудитория

Ұйымдастырушылар: Танабекова Г.Б., Оразбаев А.Е., Минжанова Г.М., Биримжанова З.С.

Келем деушілерге есік ашық!