«Балалардың және жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту»

28.11.2017

Көрулер: 1820

 1-ші Халықаралық конференциясы «Балалардың және жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту» 19-20 қаңтар 2018 ж.   

                              

 Конференцияның негізгі мақсаты 

 

  • Елдер арасында диалог орнатуға септесу және балалар мен жасөспірімдердің қажеттіліктеріне ерекше мән беретін және есепке алатын әлдеқайда жетілдірілген стратегияларды, зерттеулерді және инвестицияларды қолдану арқылы психикалық денсаулықты және аман-саулықты нығайту мүмкіндіктерін пайдалану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

 

  • Балалар мен жасөспірімдердің дамуына, олардың психикалық денсаулығын қорғауға, әрі тиісті қажеттіліктерін қанағаттандыруға басым көңіл бөлетін нақты іс-қимылдарды жүзеге асыруға ниеттілікті және қолдау көрсетуді күшейту.

 

  • Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен аман-саулығын жақсартуға қажетті басымдылықтарды және қадамдарды, соның ішінде, альянс және серіктестік құру арқылы анықтау.

 

  • Қатысушылар арасында өзара әрекеттестік орнату үшін мықтырақ тұғырнамалар құру, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғаумен және нығайтумен байланысты нақты салаларда серіктестік қарым-қатынастар орнату. 

 

СЕКЦИЯЛАР, БАЯНДАМАЛАР ЖӘНЕ ПОСТЕРЛІК ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР

БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРДЫ ҚУАНА ҚАБЫЛДАЙМЫЗ!

 

Негізгі күндер: Ғылыми материалдарды қабылдауды аяқтау – 5 желтоқсан 2017 ж.

Авторларға хабарлау 20 желтоқсан 2017 ж. кешіктірмей

Тіл: Конференцияның ресми тілдері: ағылшын, орыс және мемлекеттік (қазақ)

 

ОРЫНДАР САНЫ ШЕКТЕУЛІ – 200 ОРЫН!

Конференция сайтында тіркелуге асығыңыздар: www.mhconf.kz/register

Өтетін күні мен мекенжайы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті (ҚазҰУ), Қазақстан,

Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 71. 19-20 қаңтар 2018 ж.


 

Ғылыми комитет Президенті: проф. Марко Саркьяпоне

Ғылыми комитеттің эл.поштасы: mhconf.science@gmail.com

Ұйымдастыру комитеті: mhconf.orgcom@gmail.com

Хатшылар: mhconf.office@gmail.com