«БҰҰ-әйелдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

04.12.2017

Көрулер: 1756

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХҚФ БҰҰ жәрдемдесу орталығы Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» көп елдік бөлімше ұйымымен бірлесе отырып сіздерді 2017 жылдың 5 желтоқсанында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жоба шеңберінде өтетін «Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықты жою: қазіргі әлемнің әйелдер құқықтары мен бостандықтарын кеңейту» тақырыбын талқылауға дөңгелек үстелге шақырады.

Дөңгелек үстелге «БҰҰ-әйелдер» көп елдік бөлімшесі, Алматы қаласының ХКҚҰ, Алматы қаласының БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері және ҚазҰУ оқытушыларымен студенттері қатысады.  

 

Өткізу уақыты: 10.00-12.00

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті,

Қарасай батыр, 95, 218 аудитория

Байланыс ақпарат: 8 701 365 88 08