“Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау”

14.12.2017

Көрулер: 1207

«Оқу үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында вебинар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау ғылыми білім беретін, консалтингтік орталығы 2017 жылдың 19-28 желтоқсан аралығында сағат 10.00-ден-17.00-ге дейін Оқу үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолданутақырыбында онлайн- вебинар өткізеді. Курстың ұзақтылығы-72 сағат.

Семинардың мақсаты-онлайн режимінде қашықтықтан қолжетімділікті қолдану арқылы жоғарғы оқу орындары оқытушыларының кәсіби біліктілігін жоғарылату.

Семинарға қатысу үшін 19.12.2017 ж. сағат 09:00 – ге дейін тіркеу үшін берілген нысанды толтырып, міндетті түрде алдын ала орынды бекіту арқылы мынадай мәліметтерді: Т.А.Ә., e – mail, ұялы телефон номері, қала, мемлекетін көрсетіп өтініш беру керек.

Өтінішті мына электронды мекен – жайға жіберулеріңізді сұраймыз: Veb.seminarkaznu@gmail.com

Ниет білдірген қатысушы қажетті сілтеме алып бекітілген жағдайда тіркелді деп есептеледі. Техникалық талаптар: Вебинарға қатысу үшін 8 мбит/с интернет жылдамдығы және Adobe Flash Player версиялы бағдарлама(бейнежазба үшін).