V Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі

28.12.2017

Көрулер: 1385

2018 жыл 25-27 қаңтар аралығында әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика факультеті ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Радио және спорт: білім қоғамын дамыта» V Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді.

Өтетін орны: «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешені, Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағы

Ұйымдастырушы: Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.

Модульдар:

1) Спорт жаңалықтар сауаттылығы;

2) Спорт және фотожурналистика;

3) Спорт және цифрлық сауаттылық.  

Серіктестер:

Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы;

ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы;

Жаңа Жібек Жолы БҰҰ Моделі;

Алтай Мемлекеттік университеті, Ресей;

БАҚ қолдау орталығы ҚҚ, Қырғызстан;

«Тұран» университеті;

«Қазақ университеті» баспа үйі;

Ақпараттық қолдаушылар:

«Қазмедиаорталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС;

«Қазақстан» РТРК;

«Қазконтент» Акционерлік қоғамы;

«Бас редакторлар клубы» ҚБ;

Алтай мемлекеттік университетінің «Планета радиосы» ;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТРК.

Байланыс: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Сұлтанбаева Г.С. +77373773338-1351, моб: +77073777049;
e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva@gmail.com