ІV Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

05.01.2018

Көрулер: 605

Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері: теория және практика» атты ІV Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Сүлейман Демирель университеті және Queen's университетімен бірлесе отырып филология ғылымдарының докторы профессор Г.Б. Мадиеваның ғылыми-педагогикалық қызметінің 35 жылдығына арналған «Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері: теория және практика» атты ІV Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын 26.01.2018 ж. өткізеді.
Конференцияға жоғарғы оқу орнының оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен жас ғалымдар қатыса алады.
Конференция жұмысы төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүргізіледі деп жоспарланып отыр:
1. Шет тілдерін орта және жоғары мектепте оқыту әдістемесі
2. Филологиялық пәндерді жоғары мектепте үйрету мәселелері
3. Мәдениаралық қарым-қатынас және аударматанудың өзекті мәселелері
Конференция жұмысы аясында «ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты дөңгелек үстел жоспарлануда.
Конференцияға қатысу үшін электронды түрдегі өтініш пен мақала мәтінін 2018 жылдың 5 қаңтарына дейін жіберу қажет. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Мақала мәтіні келесі талаптарға сай болуы керек: көлемі 2-5 бет, Word 1997-2003, 2007 бағдарламаларында, шрифт – Times New Roman, кегль – 12, формат – А4; шеті барлықжағынан – 2 см, ені бойынша түзеу, азат жол – 1 cм, қатарлар интервалы – біреулік. Мақаланы келесі мекенжайға: (мақала тақырыбын көрсету қажет, мысалы: А. Ахметов Білім берудің инновациялық технологиялары) tipmflt@mail.ru жіберуіңіз қажет.
Мақалада:
- атауы (жартылай қалың қаріп шрифте);
- аңдатпа (ағылшын тілінде – 200 сөз);
- тірек сөздер (жартылай қалың қаріп шрифте, кегль – 12, курсив);
- мақаланың негізгі мәтіні;
- әдебиеттер тізімі (кегль – 12) болу қажет.
Аңдатпа ғылыми жұмыстың қысқа мазмұны ретінде берілетін, жұмыстың тақырыбы мен құрылымы жайында жалпы сипаттамасы.
Мақаланы негізін толық ашатын тірек сөздердермен (key words) қамтамасыз етілуі қажет. Нақты әр материалға 4-5 тірек сөзден беріңіздер, яғни мақаланың ең маңызды тірек сөздері тізімнің басында тұруы қажет.
Ұйымдастыру және баспа шығындарын өтеу мақсатында қатысушылардан ұйымдастыру жарнасы алынады. Ұйымдастыру жарнасы 4000 теңгені құрайды және оған: конференцияға қатысу, қатысушының қатысқандығы туралы сертификаты бар папкасы, конференция материалдарының жинағы, кофе-брейк кіреді. Жинақ конференцияның үстінде қатысушының өзіне; авторлық ұйымға – әр жариялаған мақалаға жинақтың бір данасы табысталады.
Ұйымдастыру жарнасын жіберу реквизиті: Казкоммерцбанк, карточка нөмері: 5578 3427 2376 3261 Дәулетбек Дана Дәулетбекқызына, ақша жіберілген соң, квитанцияның көшірмесін осы поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: tipmflt@mail.ru (мақала тақырыбы көрсетілуі қажет, мысалы: А. Ахметов Білім берудің инновациялық технологиялары).
Конференция 2018 жылдың 26 қаңтарында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кітапханасында өтеді.
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті, 305, 317 кабинет, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы.
Байланыс телефондары: +7 (727) 3773339 (ішкі 1270,1329);
87073008787 Алиакбарова Айгерим
87784224565 Утемгалиева Насихат
Хатшы: Алиакбарова Айгерим, e-mail: tipmflt@mail.ru
ӨТІНІШ ФОРМАСЫ
Қатысушы туралы мәлімет
Аты-жөні___________________________________________________
Жұмыс (оқу) орны ____________________________________
Қызметі (магистранттар үшін – курс) _______________
Ғылыми атақ, дәреже __________________________________________
Мақала/баяндама атауы _______________________________________
Конференция бағытының нөмірі____________________________________________
Байланыс телефоны______________________________
E-mail ______________________________
ҮЛГІ Мақаланың (тезис) рәсімделуі PHRASEOLOGICAL UNITS IN ENGLISH AND RUSSIAN LANGUAGES, USED IN BUSINESS COMMUNICATION
Г.К. Каримова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы
филол.ғ.к., доценті
Алматы, Қазақстан
gkarim@gmail.com The article looks at specifics and characteristics of using English and Russian phraseological units in business communication.
Historically English performs the function of the international communication language, some kind of "lingua franca" of the world community in the era of globalization. The statistics shows that more than 500 million people in the world have a certain level of proficiency in English. For the residents of the USA, Canada, UK, New Zealand, Australia, Malta and some other states English is the native language, while in 52 countries with high rates of economic growth (South Africa, India etc.) English is considered to be an official language and, beyond doubt, it is the most widespread foreign language for communication around the world. Key words: business communication, phraseological units, phrases, English performs, official language
Мәтін Мәтін Мәтін
LIST OF LITERATURE:
1. Шелихова С.В. Функционирование метафоры в бизнес - дискурсе – Иркутск: ИГЛУ, 2010. – С.15.
2. Crystal D. Global Understanding for Global English// Summaries of the International Conference. Moscow, 2001. – С. 3;
3. Ortony, A. Why metaphors are necessary and not just nice – Educational Theory, 2005, Vol. 25. – С.45–53