2018 оқу жылында әскери кафедраға оқуға түсу тәртібі

06.02.2018

Көрулер: 1106

Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейін азамматтарына, күндізгі оқудың 1-ші курс студенттеріне, тіркелу куәлігінде "әскери қызметке жарамды" деген жазбасы бар және запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту үшін байқау іріктеуіне қатысқысы келетіңдерге, осы мекен-жай бойынша әскери кафедраға өтініш беру үшін келу: Төле би көш., 96 (Байтұрсынов көш.қиыл.).

1. Өтініштерді қабылдау мерзімі - 2018 жылдың 12 ақпанынан 20 мамырына дейін.

Өзімен бірге:

- тіркелу куәлігі (тұпнұсқасы мен көшірмесі);

- жеке куәлігі (тұпнұсқасы мен көшірмесі);

- сынақ кітапшасы немесе студенттік билет;

-сотталмағандығы туралы анықтама;

- 3х4 сүреті - 1 дана.

2. 2018 жылдың 31 мамырына дейін мерзімінде қорғаныс істері бойынша басқармаларында тіркелу орны (әскери комиссариат) бойынша медициналық қараудан өту.

3. Кәсіби-психологиялық жарамдылықты және дене дайындығы деңгейін анықтау тексерісі әскери кафедрада жүргізіледі. Кәсіби-психологиялық тестілеу және дене дайындығы деңгейін анықтау мерзімі қосымша ескертіледі.

4. Дене дайындығы нормативтері келесі параметрлер бойынша қабылданады:

- студент - ұл балалар үшін: 3000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру, кермеде тартылу;

- студент - қыздар үшін: 2000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру, арқаға жатып қолды бастын артына келтіріп дене тұрқын көтеру.

 



 

 

Студент– ұл балалар үшін 

Студент-қыздар үшін

№ р/с

Жаттығу

Балл

Жаттығу  

Балл

5

4

3

5

4

3

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Биик кермеде тартылу

(бірнеше рет)

12

10

8

Арқаға жатып, қолды бастын артына келтіріп дене тұрқын көтеру.

25

20

15

 

Үш нормативтерді тапсыру бойынша 8 балл жинамаған студенттер, іріктеудің нақты этапынан (кезеңінен) өтпеген боп есептеледі.

 

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ әскери кафедрасының әкімшілігі