IPRbooks-тан шеберлік сабақ

07.02.2018

Көрулер: 715

Құрметті оқытушылар мен кітапхана қызметкерлері!

“Ай Пи Эр Медиа” компаниясы - IPRbooks электронды-кітапханалық жүйесі – университетімізде «Білім беру саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар. Оқу үдерісінде электронды басылымдарды қолдану» атты тегін шеберлік сабағын өткізеді.

Шеберлік сабағының мақсаты: оқытушылар мен кітапхана қызметкерлерін IPRbooks ЭКЖ-нің мүмкіндіктерімен таныстыру, ЭКЖ-ні білім беру үдерісінде қолдану тәсілдері туралы хабардар ету, жүйенің сервистері туралы айтып, оларды жұмыс барысында және білім беру қызметінде (есеп-қисап, оқу жоспарларын, әдістемелік нұсқаулықтарын жасау және т.б.) қолдану мүмкіндіктері  туралы айту. 

Шеберлік сабақ барысында студенттер мен оқытушылардың ЭКЖ-мен жұмыс істеу аспектілері де қарастырылады. Оқытушыларға РИНЦ (Российский индекс научного цитирования) базаларында индекстелу (соның ішінде бұрын жарық көрмеген жұмыстардың), «Ай Пи Эр Медиа» компаниясы арқылы РИНЦ-та мақалалар жинақтарын, ғылыми жұмыстарды электронды түрде (сонымен қатар дискілерде) жариялау сұрақтары қосымша қарастырылады. Сонымен қоса кітапхана қызметкерлеріне арналған ақпарат ұсынылады.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификат беріледі.

Қатысуға өтінімдер 12 ақпанға дейін  электронды поштаға: rafkatova@kaznu.kz немесе rafkatova@list.ruэлектрондық почтасы бойынша қабылданады.

Өтінімде толық қатысушының аты-жөні, жұмыс орны, байланыс телефоны және электрондық поштасы көрсетілуі тиіс.

Іс- шара 2018 жылдың 13 ақпанында сағ. 11.00 - 13.00-ге аралығында келесі мекен- жайда өткізіледі:  Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/27, кітапхана, 3-қабат, 308-аудитория. 

Шеберлік сабақ жүргізушісі: «Ай Пи Эр Медиа» компаниясының даму жөніндегі директоры   Вита Викторовна Кутуева.

Қатысушылар тіркелуі — сағ. 10:30-да (308 -аудитория)!

Тіркелусіз қатысуға болады. Бірақ таратылатын материалдар мен сертификатты тек тіркелгендерге ғана беріледі!

Шеберлік сабағымен байланысты сұрақтарды іс-шараға жетекшілік ететін қызметкерге келесі телефон бойынша қоюға болады: 8-800-555-22-35, қосымша 145, e-mail: v.kutueva@iprmedia.ru

іс- шараны университетте өткізу бойынша жауапты: Әдістемелік орталықтың жетекшісі Рафкатова Лаура Рафкатовна. Жұмыс телефоны: 8(727) 393-40-66 e:mail: rafkatova@list.ru