"Сандық құқық: қазақстандық модельдің ерекшелігі және дамудың жаңа бағыттары"

03.04.2018

Көрулер: 484

Сәуірдің 6-ші жұлдызында V Фараби оқулары шеңберінде "Сандық құқық: қазақстандық модельдің ерекшелігі және дамудың жаңа бағыттары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияға алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, отандық ғалымдар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

Конференция: цифрландыруды актуалдандыру және осы процесті мамандандырылған заңнамамен әлемдік және ұлттық деңгейде қамтамасыз ету мәселелеріне арналады. Ерекше назар сандық құқықтың қалыптасуы мен дамуының теориялық аспектілеріне, оның қазіргі Қазақстанда қалыптасқан құқықтық жүйесіндегі рөліне және орнына ерекше назар аударылады. Ғарыш құқығы, генетика құқығына, цифрлық идентификациялауға және роботтандыру мәселелеріне ерекше назар қойылады. Конференция барысында ақпараттық құқықтың қазіргі таңда туындап жатқан мәселелері, интернет аясында туындап жатқан конституциялық-құқық, азаматтық құқық, әкімшілік-құқық, қаржылық құқықтықты реттеу, сондай-ақ ақпараттық салада құқықтық жауапкершілік мәселелері қарастырылатын болады. 

Аталмыш конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

 

Өткізілетін орыны: Алматы қ, әл-Фараби 71, ҚазҰУ-дың заң факультеті, ГУК-3,413 ауд.

Басталу уақыты: 10:00