Ұлы Жібек жолындағы Тараз

04.05.2018

Көрулер: 870

2018 жылы 11-13 мамыр аралығында «Ұлы Жібек жолындағы Тараз» медиакеруені өтеді.

Медиакеруен траекториясында Алматы – Айша бибі кешені –  Ақыртас сарай кешені –  Қарахан кешені –  Керей-Жәнібек ескерткіші – Тектұрмас-Ақыртас – Алматы бағыттары қамтылған.

Медиакеруен күндері «Тараз – тұрақты даму жолында» VІІ Халықаралық мобильді медиа мектебі өтеді.

Модульдары:

1. Модуль: Тұрақты қала дамуы және әлеуметтік медиа;

2. Модуль: Елді мекендер дамуы және ақпараттық сауаттылық.

Медиакеруен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы  аталған міндеттердің бірі – «Туған жер – туған ел» бағдарламасын орындауға үлесін қосады.    

Медиакеруен елімізде алғаш рет 2016 жылы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы қолдауымен еліміздің Оңтүстік Қазақстан облысынан жұмысын бастап,  Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасын тапты.

Үш күндік шара барысында Тараз қаласында «Жандану» қоғамдық ұйымының негізін қалаған қайраткер Сергей Иванович Чуйковты еске алу, белгілі журналистер, блогерлер және баспасөз-қызметкерлері қатысуымен ақпараттық  шаралар өтеді. Медиакеруен аясында шеберлік-сыныптары мен семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар:

ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы.

Серіктестер:

Тараз қаласы әкімдігі;

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ;

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Қосымша ақпарат үшін: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева

Байланыс: Тел.: +7(727) 2211492; факс: +7(727) 3773514, моб: +77011527488; +77073777049, эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva@gmail.com