«Азаматтық құқықтың мәселелері» тақырыбында вебинар

05.05.2018

Көрулер: 478

«Азаматтық құқықтың мәселелері» тақырыбында вебинар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының “Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау” ғылыми білім беретін, консалтингтік орталығы 2018 жылдың 10-19 мамыр аралығында сағат 10.00-ден-17.00-ге дейін “Азаматтық құқықтың мәселелері” тақырыбында онлайн- вебинар өткізеді. Курстың ұзақтылығы-72 сағат.

Семинардың мақсаты-онлайн режимінде қашықтықтан қолжетімділікті қолдану арқылы жоғарғы оқу орындары оқытушыларының кәсіби біліктілігін жоғарылату.

Семинарға қатысу үшін 10.04.2018 ж. сағат 09:00 – ге дейін тіркеу үшін берілген нысанды толтырып, міндетті түрде алдын ала орынды бекіту арқылы мынадай мәліметтерді: Т.А.Ә., e – mail, ұялы телефон номері, қала, мемлекетін көрсетіп өтініш беру керек.

Өтінішті мына электронды мекен – жайға жіберулеріңізді сұраймыз: Veb.seminarkaznu@gmail.com

Ниет білдірген қатысушы қажетті сілтеме алып бекітілген жағдайда тіркелді деп есептеледі. Тіркелген азаматтарға қатысу ақысы туралы қосымша ақпарат жіберіледі.

Техникалық талаптар: Вебинарға қатысу үшін 8 мбит/с интернет жылдамдығы және Adobe Flash Player версиялы бағдарлама(бейнежазба үшін) болуы шарт.