«Араб әдеби мәтіндері: лексикалық талдаулар»

02.06.2018

Көрулер: 701

Хабарландыру

Араб тілін жетілдіргісі келетін барша магистранттар, докторанттар, оқытушылар және өзге де (бакалавр деңгейінен жоғары) талапкерлер назарына!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы жанындағы «Al-Kitab» ғылыми-білім беру орталығында 05.06.2018-06.07.2018 аралығында магистранттар, докторанттар, оқытушылар және өзге де талапкерлерге мысырлық профессор Әбулфутух Сабридің жүргізуімен «Араб әдеби мәтіндері: лексикалық талдаулар» атты бір айлық семинар болады.

Семинар 90 минуттан аптасына 2 рет болады. Семинарды толық аяқтаған қатысушыларға «Al-Kitab» орталығының арнайы сертификаты табыс етіледі.

Семинар бағасы: Бір айға 5000 тг., ҚазҰУ есепшотына төленеді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95А (А.Байтұрсынұлы көш. қиылысы), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті 424 ауд.

Өтетін уақыты: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 12.00-13.30 аралығы.

Байланыс тел. 8 707 141 14 94, 8 727 243 83 54