Тоталь Энерджи жазғы мектебі

05.06.2018

Көрулер: 422

Маусым айының 11-15 аралығында ҚазҰУ-де әлемнің танымал «Total» мұнай-газ компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Гео-энергетика» ғылыми-зерттеу орталығының негізінде «Тотал Энерджи» жазғы мектебін өткізеді.

«Total Energy» жазғы мектебі «Мұнай және газ», «Мұнай өңдеу саласы», «Геология және экология» пәндері, сондай-ақ осы салаға қатысты «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Бизнес және менеджмент» пәндері бойынша білім алушы бакалавриат студенттері мен магистранттарды қабылдайды.

«Total Energy» жазғы мектебінің негізгі мақсаты студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Дәрістер «Тоталь» мамандарымен кәсіптік тәжірибе негізінде және тәжірибедегі нақты мысалдарды зерделеу негізінде дайындалған.

ҚазҰУ жанындағы «Геоэнергетика» орталығы Қазақстан мен Франция Президенттерінің қолдауымен 2010 жылдың маусым айында құрылған. Орталық екі достас елдердің университеттері арасындағы әріптестік пен қос дипломдық бағдарламаның көпірі болып саналады. Оның негізгі мақсаты Францияның жоғары білім жүйесінің қатысуымен энергетикалық ресурстар және тұрақты даму саласындағы Қазақстанның ғылыми элитасын қалыптастыру. Ашылғалы бері Орталықты 80 магистрант, 5 ғылым кандидаты тәмәмдап шықты және 15 ғылыми мақала жарияланып, 35 магистрант өз оқуын және тәжірибесін аяқтау үстінде.

«Total» компаниясы жетекші халықаралық мұнай-газ компанияларының бірі және төмен көміртекті энергетика саласындағы басты көшбасшы болып табылады. Компания әлемнің 130-дан астам елінде өз қызметін дамытуда, онда 98 мың қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда «Total» компаниясы Қашаған жобасының (16,81%) акционерлерінің бірі болып табылады және қазақстандық жоғары оқу орындарымен білім беру жобаларында белсенді ынтымақтасып, студенттік және жастар бірлестіктерінің қызметіне қолдау көрсетуде.

«Тоталь Энерджи» жазғы мектебіне тіркелу және қатысу шарттары туралы ақпарат алу үшін centre.geoenergies@gmail.com, +7 727 377 3522 телефондарына хабарласуды сұраймыз.

Өтетін уақыты мен орны: Алматы қаласы, ҚазҰУ механика-математика факультеті (қызыл зал,1 этаж), сағ 09:00.