Шығармашылық байқау

17.07.2018

Көрулер: 886

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті және «К. Тоқаев атындағы Қоғамдық қайырымдылық қоры» әйгілі жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен жас ғалымдар арасында байқау жариялайды.

Байқау жұмыстары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады. 

Байқау номинациялары:

1. Үздік тележоба

2. Үздік радиохабар

3. Үздік баспасөздік жарияланым

4. Үздік интернет жарияланым

5. Үздік ғылыми жұмыс

6. Үздік мультимедиалық жоба

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың ашылуы;
  2. Тіл тазалығы;
  3. Логикалық үйлесім;
  4. Ой тереңдігі
  5. Шығармашылық ізденіс;
  6. Мұрағаттық ақпараттардың шынайылығы.

Ақпарат. Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысы Қаратал ауданында туған.  Ұлы Отан соғысының ардагері. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жауапты қызметтер атқарған. 1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» Бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» және көптеегн медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен және арнаулы төс белгісімен марапатталған. Көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының өркендеуіне үлес қосқан Кемел Тоқаев «Жұлдызды жорық», «Қыс қарлығашы», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті», «Ұясынан безген құс» сияқты туындылардың авторы.

Байланыс: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Сұлтанбаева Г.С. +77373773338-1351, моб: +77073777049; e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva@gmail.com

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А. Белгараева 8 (727) 221-13-51, 8 701 888 72 76

эл.пошта: ardak2776@gmail.com