Заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер

27.09.2018

Көрулер: 285

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Агроөнеркәсіп кешенінде заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Мақсат - 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі міндеті ретінде қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау, ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсыныстардың мониториг нәтижесін талқылау, осы салада қолданымдағы заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

Іс-шараның міндеттері:

- ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау;

- агроөнеркәсіп кешеңі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларды жою іс-шараларын әзірлеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша қолданымдағы заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Ұйымдастырушысы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы, Мекен-жәйы: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы – 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, 3 - Бас оқу ғимараты, 3-қабат, 327 кабинет; байланыс телефондары: 8 (727) 221-12-55; 87017109983, 87055210260; е-mail: obshestvo.priem@gmail.com.

Өтетін орны және уақыты: 28 қыркүйек 2018 ж. сағат 11.00. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  БОҒ-3, заң факультеті, 3-қабат, 309 ауд.