Түлектер күні

14.05.2019

Көрулер: 438

2019 жылғы 25 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде түлектер Ассоциациясы ұйымдастыруымен өтетін «Түлектер күні» атты салтанатты іс-шараға шақырамыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен түлектерінің «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасының алдына таңертең сағат 10-нан бастап әр жылғы түлектер жиналады.

Түлектер Шығыстың ұлы ойшылы әбу-Насыр әль-Фараби ескерткіші мен академик Ө.А. Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қояды.

Салатанатты жиын Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында болады. Қатысушылар ректор, академик Ғ.М. Мұтановтың баяндамасын және ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының есебін тыңдайды. Сондай-ақ бағдарламада бойынша мерекелік Гала-концертін тамашалайды.Түстен кейін (сағат 13.00) түлектермен кездесу факультеттерде жалғасады. Тарих,археология және этнология факультетінің түлектері оқу корпусы мен аудиторияларда жаңа ұрпақ студенттерімен кездесіп, сұхбаттасады, факультет жетістіктерімен танысады. Ең үздік студенттерге шәкіртақылар тағайындалады. Салтанатты жиынға 50,40,30,25,10-жыл бұрын бітірген түлектер келеді деп күтілуде!

Кешке Әл-Фараби кітапханасының фойесінде дәстүрлі Түлектер балы өтеді.

Түлектер күні өтетін мекенжай: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Басталуы: 25 мамыр 2019 ж. сағат 10.00

www.kaznu.kz