Мухаммад Али Джинна атындағы орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

08.07.2019

Көрулер: 171

 

2019 жылғы 9 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде «Мухаммад Али Джинна» атындағы орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы және Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігімен бірге ұйымдастырылып отыр.

Мухаммад Али Джинна – Пәкістанның іргетасын қалаушы және бірінші генерал-губернатор - ұлт Әкесі ретінде құрметтеледі, Британдық Үндістанның бөлінуін жақтаған ең белсенді қатысушылардың бірі, аса ірі мұсылман саяси қайраткері.

Бұл шараның ашылу салтанатына университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, университет басшылары және оқытушы-профессорлар құрамы, Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Имтиаз Ахмад Кази, Пәкістанның Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Коммерциялық консулы Басит Салим Шах, ҚазПәк ассоциациясының Президенті Хабиб ур Рахман, Пәкістан Ұлттық Банк басқармасының төрағасы Рафик Мухаммад, сондай-ақ ҚР Пәкістан азаматтары қатысады.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95А, ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, 9 шілде 2019 ж. сағат 15.30, 5 қабат, 533 ауд., 2 қабат, фойе  

 www.kaznu.kz