Еуропа және Азия саяси мүдделері тоғысындағы Орталық Азияның орны

09.08.2019

Көрулер: 74

20-22 тамыз аралығында Ресей ғылыми қорының «XVIII – XIX ғғ. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия» жобасы аясында ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінде «Еуропа және Азия саяси мүдделері тоғысындағы Орталық Азияның орны XVIII – XIX ғғ.» атты халықаралық ғылыми семинар өтеді.

Семинар мақсаты – Оралық Азияның белгілі тарихи кезеңдерде орын алған тектоникалық геосаяси жағдайдағы халықаралық қаынастар жүйесіндегі орнын кешенді түрде зерттеу мүмкіндіктерін талқылау. Орталық Азияның халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат субъектісі ретінде жекелеген еуропалық және азиялық елдермен (Түркия, Иран, Бұқара, Хиуа, Қоқан және қазақ жүздерімен және т.б.) қарым-қатынастарының даму динамикасын қарастыру.

Семинар қорытындысы нәтижесінде Ресей ғылыми цитаталау индексінде тіркелген мақалалар жинағы жарық көреді.

Семинар жұмысына Ресей, Қырғызстан, Өзбексан, Түркменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Польша және АҚШ ғалымдары қатысады. Семинар жұмысы жайлы толық мәліметті төменде көрсетілген жоба сайтынан таныса аласыздар http://foreignasia.ru/

www.kaznu.kz