Халықаралық ғылыми семинар

13.08.2019

Көрулер: 91

Ресей ғылыми қорының «XVIII – XIX ғғ. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия» жобасы аясында 20-22 тамыз 2019 ж. аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих, археология және этнология факультетінде «Еуропа және Азия саяси мүдделері тоғысындағы Орталық Азияның орны XVIII – XIX ғғ.» атты халықаралық ғылыми семинар өтеді.

Семинар мақсаты – Оралық Азияның белгілі тарихи кезеңдерде орын алған тектоникалық геосаяси жағдайдағы халықаралық қаынастар жүйесіндегі орнын кешенді түрде зереу мүмкіндікерін талқылау. Орталық Азияның халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат субъектісі ретінде жекелеген еуропалық және азиялық елдермен (Түркия, Иран, Бұқара, Хиуа, Қоқан және қазақ жүздерімен және т.б.) қарым-қатынастарының даму динамикасын қарастыру.

Негізгі талқыланатын бағыттар:

1. «Орталық Азия» ұғымын тарихи-географиялық тұрғыдан ғылыми тұжырымдау.

2. XVIII – XIX ғғ. Орта Азияның – халықаралық қатынастардағы әлеуметтік-территориялық қоғамдастық, субъект, объект ретіндегі орны.

3. Орталық Азиядағы «Үлкен ойын»: дәстүр шекарасынан асқанда.

4. Қазақ жүздері, Қырғызстан, Түркменстан, Бұқар әмірлігі, Хиуа, Қоқан хандығы халықтары еуропалық және азиялық мүдделер тоғысында

5. Ресей империясының маңызды халықтар мен мемлекеттерге (түркмендер, Бұқара, Хиуа, Іле өлкесі) қатысты ұстанған саясатының эволюциясы.

6. Оралық Азия территориясында басып алынған аймақтардың шартты-заңдық және нақты статустары

Семинар жұмысына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбексан, Түркменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Польша, АҚШ ғалымдары қатысып, өз ойларын ортаға салады.

Семинар қорытындысы нәтижесінде Ресей ғылыми цитаталау индексінде тіркелген мақалалар жинағы жарық көреді.

Семинар жұмысы материалдары және қатысушылар туралы мәліметпен жоба сайтынан таныса аласыз http://foreignasia.ru/

www.kaznu.kz