Механика-математика факультетінде көшбасшылық дәрістер өткізіледі

28.08.2019

Көрулер: 60

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде 4 қыркүйек күні бірінші курсқа түскен студенттерге көшбасшылық дәрістер өткізіледі.

Көшбасшылық дәріс оқуға беделді де, білікті профессорлар, түлектер, сонымен қатар жұмыс беруші ғылыми институттар директорлары шақырылып отыр. Көшбасшылық дәрістерде әр мамандықтың маңыздылығы, дамуы, келешегі туралы баяндамалар жоспарланған. Сіздердің назарларыңызға келесі дәрістерді ұсынамыз:

1) Актуарлы математикаға кіріспе (Қазақстандық актуарлы математика қоғамының төрағасы, профессор Сихов Мирболат Бақытжанұлы)

2) Математика мамандығы және математик: кеше-бүгін-ертең (қауымдастырылған профессор, дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедра меңгерушісі Хомпыш Хонатбек)

3) Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының келешегі (ең жас профессор, «Үздік ұстаз-2016» байқауының жеңімпазы Исахов Әлібек Абдиашимович)

4) Қазақстандағы робототехника мен инжиниринг саласының дамуы (Жолдасбеков атындағы механика және инжиниринг институты директоры, профессор Төлеш Амандық Қуатұлы)

www.kaznu.kz