«Экономика» мамандығының 1-курс студенттеріне арналған көшбасшылық дәріс өтеді

29.08.2019

Көрулер: 131

2019 жылдың 2-қыркүйек күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БОҒ-3 Экономика және бизнес жоғары мектебінің 228-аудиториясында «Экономика» мамандығының 1-курс студенттеріне арналған көшбасшылық дәріс өтеді.

Дәрістің басты спикері – Таиров Айдын Абаевич, Қазақстандағы «Al Hilal» банкінің қаржылық директоры. Ол Сіздермен заманауи қоғамдағы экономикалық білімнің рөлі, сондай-ақ отандық және шетелдік еңбек нарықтарында болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің құпиялық ерекшеліктері туралы өз көзқарастарымен бөліседі.

www.kaznu.kz