Математикалық талдау бойынша курстар

12.09.2019

Көрулер: 53

ҚазҰУ-дың open.kaznu.kz - МООК ашық онлайн-курстарының білім беру платформасында «Математический анализ 2» және «Математикалық талдау 2» онлайн-курстары ашылды. Олар интегралдарға, өріс теориясына және дифференциалдық есептеу негіздеріне арналған. Математикалық талдау - техникалық мамандықтардың негізгі пәндерінің бірі, сондықтан бұл курс осы қиын пәннің барлық ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі.

Курстардың оқытушылары - механика-математика факультетінің үздік оқытушыларының бірі Қойлышов Үмбетқұл Құрманқұлұлы (жұмыс өтілі - 39 жыл) және Нури Бонауұлы Биядилов (жұмыс өтілі - 48 жыл). Сіз курстардың мазмұны туралы барлық сұрақтарыңызды «Талқылау» қосымша бетіне жаза аласыз. Мұғалімдер сізге міндетті түрде жауап береді.

Тіркелу және курстары оқу тегін. 50 пайызға тең шекті баллды жинап, қорытынды емтиханды сәтті тапсырсаңыз, сертификат алуға мүмкіндік бар. Ол тыңдаушының қалауына байланысты.
Open.kaznu.kz сайтына кіріп, «Математический анализ 2» және «Математикалық талдау 2» онлайн курстарын өтіңіз! Бізбен бірге көріңіз және оқыңыз!

«Математический анализ 2» курсына сілтеме: http://open.kaznu.kz/courses/course-v1:KazNU+Ver_102+2019_c1/about

«Математикалық талдау 2»: http://open.kaznu.kz/courses/course-v1:kaznu+Ver_101+2019_C1

Сайтта курстың бірінші бөлімі «Математический анализ 1» ашық: http://open.kaznu.kz/courses/course-v1:KazNU+Math101+2019-2020_C1/about

«Математикалық талдау 1»: http://open.kaznu.kz/courses/course-v1:KazNU+MATH02+2019-2020_C1/about

«Математикалық талдау» пәнін толық түсіну үшін екі бөліктен де өтуге кеңес береміз.
open.kaznu.kz