Әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс

Социально_воспитательная_работа_каз

Студент жастармен жұмыс жасауды арттыру негізінде ҚазҰУ-да әлеуметтік серіктестік ұстанымдары енгізілді, оны жүзеге асыру барысында студенттер тәрбиелеу нысаны ретінде ғана емес, олар оқу-тәрбие үдерісінің теңқұқықты әлеуметтік серіктесі және субъектісі ретінде қарастырылған.

2011 жылдан бастап университетте студенттік ұйымдармен жұмыс жасайтын Әлеуметтік серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда, осы бағдарламаға сәйкес 100-ден астам студенттік ұйымдар университет, қала және ел өміріндегі үдерістерге белсенді ықпалдандырылған.

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына студенттік өмірдегі біршама маңызды мәселелерді шешуге қатысу өкілеттілігін табыстау тәжірибесі енгізілді. Олардың ішінде білім беру үдерісіндегі сапаны бағалау, студенттерді жатақханаға орналастыру және шығару, құқықтық тәртіпті қадағалау, академиялық тәртіпбұзушылықпен күрес, мәдени шараларды ұйымдастыру, тамақтану сапасын және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды бақылауды жүзеге асыру.

Әлеуметтік серіктестік негізінде Ақсақалдар кеңесі, ҚазҰУ Әйелдер одағы, Этика бойынша комиссия, Куратор-эдвайзерлер кеңесі, «Парасат» кәсіподағы, студенттік бірлестіктер және т.б. қоғамдық институттар белсенді қызмет атқарады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» кәсіптік одағықызметкерлердің еңбек жағдайының жақсаруына, еңбекті қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, еңбек дауын шешуге, кәсіподақ мүшелеріне материалдық және басқада қаржылай көмек көрсету жолында үнемі белсенділік танытып отырады.

Әлеуметтік серіктестік үдерісінің негізінде ҚазҰУ-да «Университет достары» халықаралық клубы, Ақсақалдар кеңесі, Түлектер қауымдастығы, Жұмыс берушілер кеңесі, «Британдық түлектер клубы» сияқты қоғамдық институттар құрылып, жан-жақты жұмыс істейді.

Түлектер қауымдастығы жанынан ҚазҰУ-ды дамыту эндаумент-қоры құрылған, ол түлектердің өз еркімен берген қаржылай көмегінің есебінен және олардың материалдық актив ретінде қолдау көрсетуі негізінде құрылды.

Кураторлық институттың қалыптасуы және дамуы

2011 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен педагогикалық тәлімгерлік институты құрылды және эдвайзерлердің тәрбиелік қызметі күшейтілді.

2012 жылдың қаңтарынан бастап жыл сайын үздік студенттік топ байқауы өтеді, жеңімпаздар кураторларымен бірге ҚР Астана қаласына туристиік сапарға баруға, Ыстықкөлде орналасқан ҚазҰУ-дың спорттық-сауықтыру лагеріне баратын жолдамалармен ынталандырылады.


Унверситет тарихында алғаш рет университеттің 11 студент-спорт-шылары Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысты, ал университет студенті Светлана Подобедова ауыр атлетика бойынша Олимпиада чемпионы титулын жеңіп алды. Сондай-ақ студенттік көркемөнер-паздар ұжымдары да республика үздіктері болып табылады.


Студенттермен жұмыс жасаудың клубтық жұмыс түрлері

ҚазҰУ-да студенттермен жұмыс жасаудың клубтық жұмыс түрлерін енгізуде әлемдік тәжірибеге ерекше мән беріледі. 2010-2011 және 2013-2014 оқу жылдары аралығында клубтар мен үйірмелердің саны 2 есеге артты. Қазіргі кезде университетте 374 клуб пен үйірме жұмыс жасайды. Олар патриоттық, кәсіби және ғылыми бағыттағы клубтар, көркемөнерпаздар үйірмелері, спорттық секциялар, лидерлік мектептер, әлеуметтік және ағартушылық.

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартуда студенттер мен қызметкерлердің бірлескен әрекеті.

ҚазҰУ-да Студенттің әлеуметтік қоржыны әзірленген және енгізілген, оның ішінде түлектер мен серіктестердің есебінен демеушілік ақшалай қаражат тарту. Әлеуметтік қоржын аясында 1000-на астам студент оқу ақшасын төлеуге жеңілдік, материалдық көмек, жұмыспен қамтамасыз ету, тамақтану талондарын алу сияқты университеттің әлеуметтік қолдауын пайдаланады.

Демеушілік қаражатты тартып жатқан ұжымның белсенді жұмысының арқасында жылсайын университет серіктестері және түлектерінің 300-ден астам демеушілік шәкіртақыларымен талантты студенттер ынталандырылады. Аталған тәжірибені енгізген кезден бастап үш жыл ішінде осы мақсатқа тартылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 100 млн. теңгегі құрады.

Соңғы екі жыл ішінде университеттің 127 қызметкері мен оқытушысы жаңа пәтерге ие болды, 270 жаңа жұмыс орны ашылды.

Соңғы төрт жыл ішінде университет қабырғасына қосымша жұмысқа тұрған студенттер саны 3,7 есеге асты.

Жаңа әл-Фараби ғылыми кітапхана, 500 орындық жайлы студенттік жатақхана және магистранттар мен докторанттарға арналған Жас ғалымдар үйі ашылды.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Студенттер «бір терезе» үдерісі бойынша өздеріне қажетті барлық ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болды. Барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларда электронды кіргізу жүйесі және бейнебақылаудың заманауи қондырғыларды орнатылған.

Инновациялық әлеуметтік-тәрбиелік жобаларды жүзеге асыру

Университет оқытушылары мен студенттерін еліміздің әлеуметтік жаңғырту үдерісіне тарту мақсатында кеңкөлемді «Айналаңды нұрландыр!» жобасы қолға алынды. Республикалық «Айқын» газеті ақпараттық қолдау көрсетеді.

Студенттердің мәдение және танымдық деңгейін жетілдіру үшін және әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «100 кітап» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаға республикалық «Жас қазақ» газеті ақпараттық қолдау көрсетеді.

«Өнегелі өмір» кітабының сериясы университеттің маңызды жобасы болып табылады, мақсаты – өскелең ұрпақты университеттің және отандық ғалым-педагогтардың өмір жолынмен таныстыру, олардан өнеге алу және елімізге сіңірген еңбектерін, оның дамуына қосқан үлесін бағалау. Екі жыл ішінде осы серия аясында мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалым және педагогтардың өміріне арналған 30 кітап жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2013 жылы студент жастардың «Мен жастарға сенемін!» республикалық патриоттық фестивалі өткізілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль аясында бірнеше байқау өтеді, атап айтсақ «Еліміздің инновациялық дамуына қосқан үлесім» студенттік инновациялық әлеуметтік-танымдық жоба, «Елімнің жарқын болашағы үшін мен не істей алам» тақырыбында эссе, «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында азаматтық-патриоттық поэзиялық шығармалар байқауы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық экологиялық бастамасын қолдау мақсатында «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» атты қозғалыс ұйымдастырылды, соның негізінде студенттерді «жасыл экономика» үдерісіне тарту қарастырылған. Аталған қозғалысты жүзеге асырудың бір бөлігі ретінде «ҚазҰУ - Гринкампус» жобасы жүзеге асырылуда.

Студент жастарды өнерге баулу мақсатында Қазақфильммен бірлескен «Отандық кино күні» жобасы жүзеге асырылуда. Отандық түсірілімдерді жастар арасында насихаттау барысында отандық актерлермен кездесу, киноның түсіру тарихы жайлы талқылау, қоғамдағы алатын орын ашу аталған жобаның мақсаты болып табылады.

Мықты денсаулыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу мақсатында «Саламатты дене мәдениеті» жобасы жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда, соңғы 4 оқу жылы ішінде белсенді азаматтық ұстаным, патриотизм, рухани-адамгершілік, құқықтық және дене мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шараларға қамтылған студенттердің үлесі 1,5 есеге өсті және 2013-2014 жылы студенттердің жалпы санының 79%-ын құрады.