Транс-аймақтық ақпараттық сауаттылықты дамыту (DIREKT)

19.04.2017

2016 жылдың 15-қазанынан 2019 жылдың 14-қазанына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және 14 шетелдік жоғары оқу орындары, мекемелерімен бірлесе отырып, Эразмус + қаржыландырылатын Халықаралық жобаны ұтып алды. Жоба білім беру бағдарламасындағы кітапхана ісін жақсартуға, ақпараттық саясатты, кітапхана және студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылардың ағылшын тілінің жазбаша сауаттылығын дамытуға бағытталған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмыс топтары және жергілікті комитет құрамының қатысуымен, ҚазҰУ-да және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында, қоғамның түрлі салаларында жоба нәтижелерін көрсетуді және жоба бастамасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.   

Ары қарай оқу >>

« “Бір белдеу – бір жол ” бойындағы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы»

17.04.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2017 жылы маусым айының 28-30 күндері Алматы қаласында «Жаңа жібек жолы форумы (АЛМАТЫ 2017) “Бір жол – бір белдеу ” бойындағы елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы» атты Халықаралық Форум өткізеді.

Форумның негізгі мақсаты: “Бір белдеу – бір жол ” бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында жаңа технологиялар ынтымақтастығы мен инновациясын дамыту; Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында жаңа технологиялық жабдықтардың қолданылу жағдайы, инновациялық кеңістігі мен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талдау; халықаралық ғылыми алмасуларды ілгерілету; достық пен ынтымақтастықты нығайту; зерттеу нәтижелерін өзара бөлісу.

Форум барысында Қытайдан келген мамандар өздерінің білім беру саласындағы соңғы технологиялық жабдықтарын таныстырады. Конференцияға Қазақстан, Қытай, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. елдерден келген мамандар мен ғалымдар қатысады.

Форумда талқыланатын тақырыптар:

  1. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында технологиялық жабдықтарды қолдану жағдайы мен инновациялық ынтымақтастық мәселелері;
  2. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен даму болашағы;
  3. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру және білім беру экономикасының тұрақты даму мәселелері.

Уақыты: 29-30 маусым 2017 жыл

Форумның өтетін орны:   Қазақстан Республикасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби Ғылыми кітапханасы

Демеуші: «ҚХР Шығыс халықтары» (Бейжиң) Білім беру технологиясы компаниясы ЖШС

Назарларыңызға:

2017 жылдың 30- сәуірге дейін форумға қатысу өтініш кестесі мен мақала түйіндемесінің электрондық нұсқасын жіберу;

2017 жылдың 10 мамырына дейін мақаланың толық нұсқасы мен баяндама мәтінінің электрондық нұсқасын жіберу;

Тіркеу: 29 маусым 2017 жыл, сағат 9.00.

 

2017 жылы 28 маусым Қонақ үйге орналасу;

Форум материалдары форумға дейін басып шығарылады;

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, қытай, орыс және ағылшын.

Байланысушы: Ainur Turgenbay (Түргенбай Айнұр)

Байланыс телефоны: + 747 372 75 83

Электрондық адресі: altyn-alka@mail.ru , Ainur.Turgenbai@kaznu.kz

Форум 2017 Ақпараттық хат.docx

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби» атты әлеуметтік ғылымдардың I Халықаралық Конгресі

17.04.2017

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ДОКТОРАНТТАР, МАГИСТРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР!

 

Түркия ғылым және ғылыми-зерттеу орталығының ресми орталығы İKSAD - экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институты

 Сіздерді Түркияның ең әсем де, танымал қалаларының бірі Газиантепте 2017 жылдың 11-14 мамыр аралығында өтетін  «әл-Фараби» атты әлеуметтік ғылымдардың I Халықаралық Конгресіне шақырады.

Конференцияны ұйымдастырушылар:

İKSAD - Экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институты (www.iksad.org)

Конференция әлеуметтік ғылымдар    саласындағы    ғылыми - зерттеулермен бірге барлық ғылыми салалар бойынша   жұмыс істеуге бағытталған.

Конгрессті өткізу мерзімі: 11-14 мамыр 2017 жыл.

Өтетін орны: Газентеп қаласы, 5 жұлдызды Gaziantep Tugcan Hotel қонақ үйі http://www.tugcanhotel.com.tr/

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі:

Мақаланың толық мәтіні – 25 сәуір, 2017 жыл.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, т.б.түркі тілдері, ағылшын, орыс, қытай, араб, парсы тілдері. Конференцияның ғылыми мақалалары Халықаралық Конгресс материалдарының жинағында жарияланатын болады.

Толық мәлімет

Ары қарай оқу >>

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2016 жылғы 14-15 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-тің 20 жылдығы және механика-математика факультеті «Механика» кафедрасының құрылғанына 10 жыл толуы аясында өтетін «Механика және математиканың өзекті мәселелері

13.09.2016

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2016 жылғы 14-15 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-тің 20 жылдығы және механика-математика факультеті «Механика» кафедрасының құрылғанына 10 жыл толуы аясында өтетін «Механика және математиканың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Международная конференция "Тенденции Евразийской экономической интеграции: проблемы, реалии и перспективы"

13.09.2016

Ошский государственный университет (Кыргызстан, г.Ош), Национальная Академия Наук КР, Министерство экономики и регионального развития КР, Факультет «Бизнес и менеджмент» Ошского государственного университета (Кыргызстан, г.Ош), и другие планируют провести в г.Ош с 24 ноября 27 ноября 2016 г. Международную конференцию "Тенденции Евразийской экономической интеграции: проблемы, реалии и перспективы".

Ары қарай оқу >>

«Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация және тарату»

13.09.2016

2016 жылы 27-28 қазан күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуді жоспарлауда (бұдан әрі – Конференция).

Ары қарай оқу >>

Pages