Ғылыми топтар

ҒЗЖ ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша үйлестіру, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында 1992-1997 жж. ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар құрылды.

Университет ғалымдарының ғылыми-техникалық жетістіктерін тәжірибелік тұрғыда іске асыру және өндіріске ендіру үшін ғылыми-технологиялық парк құрылды.

Бұндай қалыптастырулар аясында профессорлы-оқытушы құрамның оқытушылық және ғылыми қызметі бірігіп, кафедралар мен зертхана ұжымы тығыз байланыста және ғылым торабында зерттеу есептері табысты түрде шешілуде. Олар жас ғалымдар мен студенттерің ғылыми жұмыстарының базасы болып табылуда.

8 гуманитарлық факультет аясында 4 институт және 40-тан астам әлеуметтік-гуманитарлық профильді орталықтар жұмыс атқарады.