Ғылыми инфрақұрылым

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық инфрақұрылымн ҒЗЖ нәтижелерін апробациялайтын, жас мамандарды даярлайтын кафедралар мен ғылыми-зерттеу зертханаларының басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілетін құрылымдық бөлімшелер құрайды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тиімді ғылыми қызметін университеттің инновациялық инфрақұрылым субъектілерінің іргелі және қолданбалы зерттеулер мен зерттемелерді, ғылыми-білімдік орталықтарды іске асыру үдерісінің тығыз бірігуі қамтамасыз етеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанда және шетелде танылған көпсалалы ғылыми-зерттеу кластері бар және оны Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті үйлестіреді, ал оның қызметін:

Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар (жаратылыстану-техникалық саласындағы):

  • 14 факультет, 60 кафедра;
  • 8 Еншілес мемлекеттік кәсіпорындар ҒЗИ және жаратылыстану ғылыми бағытындағы инженерлік профилді зертхана

Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар (жаратылыстану-техникалық саладағы):

  • Математика және механика ҒЗИ;
  • Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ҒЗИ;
  • Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ;
  • Биология және Биотехнология Мәселелері ҒЗИ;
  • Экология мәселелері ҒЗИ;
  • Физика химиялық зерттеу және талдау орталығы;
  • Жану мәселелері институты;
  • Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана;
  • Технопарк;
  • Инженерлік профилді зертхана.

Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар (әлеуметтік-гуманитарлық саладағы):

  • Мемлекет және құқық институты;
  • Абай институты;
  • Халықаралық қыпшақтану институты;
  • Арабтану орталығы;
  • Корейтану орталығы;
  • А.М. Оразбаев атындағы археология және этнология орталығы;
  • Көне түркі жазба ескерткіштерінің оқу-зерттеу орталығы;
  • НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталығы;
  • Еуропалық Ақпараттық Орталық;
  • Американ және Демократиялық Зерттеулердің Ресурс Орталығы;
  • Әл-Фараби орталығы;
  • Этнопедагогика және этнопсихология орталығы;
  • Әлеуметтік зерттеу және әлеуметтік инжиниринг орталығы;
  • Білімдік зерттеулердің ғылыми-инновациялық орталығы;
  • Қылмыстылықпен күрес мәселелері жөніндегі орталығы;
  • Табиғи ресурстар және экологиялық қауіпсіздік орталығы;
  • Экономикалық зерттеулер oрталығы.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық қызметіне ерекше көңіл бөлінеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік өзін-өзі басқару нысанында:

  • 135 ғылыми үйірмелер;
  • 14 студенттік бизнес-инкубатор;
  • Университеттің зияткерлік клубы бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми инфрақұрылымының стратегиялық мақсаты ғылым, білім және өндірісті біріктіру негізінде әлеуметтік-гуманитарлық орта мен экономика саласын инновациялық дамыту үшін мамандарды қалыптастыру болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соңғы 10 жылда әлемдік деңгейдегі ғылыми нәтиже алуға және зерттеуге, бірегей сараптамалар жүргізе алатаын заманауи зертханалық база құрылған.