Халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы

Халықаралық ынтымақтастық әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет қызметінің ғылыми-білімдік маңызды бағыты болып табылады және кәсіби білімдік бағдарламаларды іске асыруда, ғылыми байланыстар, ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады.

Халықаралық ғылыми және ғылыми-білімдік жобаларға қатысу университетке жетекші университеттермен, қорлармен, ұйымдармен, әлемнің ғылыми орталықтарымен тиімді серіктестік құруына; инновациялық дамуды қалыптастыруға, халықаралық ғылыми-тиехникалық ынтымақтастықты кеңейтуге; ғылыми жаңалықтарды іске асыруды қаржыландыруға және зерттеулерді халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Ғалымдардың шетелдерде халықаралық семинарлар мен конференцияларға баяндамалармен қатысуларының сандық артуыоң үрдіс тапты.


Халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы