Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институты

Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының директоры
Мамыкова Жанл Джумангалиевна

Тел.: +7 (727) 377-33-26, 
E-mail: Zhanl.Mamykova@kaznu.kz

Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтынің басты мақсаты университеттегі оқу үдерісін ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу, техникалық жабдықтармен университетті қамтамасыз ету болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңАқпараттық технологиялар және инновациялық даму институтыныңқызметі даму стратегиясы бойынша университтетті ақпараттандыруға, Жалпыуниверситеттік ақпараттық инфражүйені дамытуға, жаңа ақпараттық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге, қаржы-экономикалық қызметін, іс жүргізу жұмысын және университеттің іс-қағаздарын автоматтандыруға бағытталған. Институттіңнегізгі қызметтерінің бірі интеграцияланған жаңа ақпаратық жүйе құру, ақпараттық Интернет кеңістігінде университет өкілдерін ұйымдастыру, студенттер мен оқытушыларды жаңа электрондық қызметтермен таныстыру, оқу орынында толықтай ақпараттық-білім бірлескен корпоративтік портал құру. Институтарнайы бағытталған мақсат бойынша Университетті ақпараттандыру жұмыстарын орындап жатыр, университеттің құрылымдық бөлімшелерін техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді, қолданушыларға жоғарғы сапалы қызмет көрсетеді, Институттің стратегиялық міндеттерін орындауда жаңа ақпараттық технологияларды қолданады.

2011-2015 (2020) жылдарға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің стратегиялық даму бағыттары:

  • Университетте электрондық кампус құру;
  • Университеттің АТ-инфрақұрылымдарын жаңалау;
  • «ҚазҰУ е-университеті» жобасын құру және дамыту;
  • Ақпараттық интернет-қорларын басқару жүйесі;
  • Университетте АТ-қызметін басқару жүйесін құру.