Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасы

Мекен-жайымыз: Масанчи көшесі, № 39/47 (Бөгенбай көшесінің қиылысы), 050038, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7(727) 292-57-17

 

Кафедра меңгерушісі:

ф.ғ.д., профессор м.а.

Саденова Айгул Ескермесовна

тел.: +7(727) 292 - 57 - 17 (ішкі - 1737)

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра қызметінің негізгі бағыты – шетелдік студенттерге оқу мақсатына қарай жалпы білім және тілдік дайындық бойынша білім беру. 

Бір жыл ішінде тыңдаушылар қазақ және орыс тілдері грамматикасы бойынша практикалық қазақ және орыс тілдерін, тілге бейімделу, аудиовизуальды курс, елтану, Қазақстан тарихы мен мәдениеті курстарын оқып, базалық білім алады.

Екінші жылы жоғарғы денгейдегі практикалық қазақ және орыс тілдерінен басқа, БАҚ тілі, мәдениетаралық қарым қатынас, ғылыми стиль сияқты пәндерді оқиды.

Тыңдаушылар жылына екі рет емтихан тапсырады, емтихан нәтижелері бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін мемлекеттік үлгідегі сертификат алады.

ҚазҰУ-да оқуын жалғастыру үшін өзіміздің кафедрада тапсырған тест нәтижелері мен университеттің қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесу нәтижесі жеткілікті.

Әлемнің әр елінен келген шетелдік азаматтармен жұмыс істеуде біздің үлкен тәжірибеміз бар. Біз сіз таңдаған тілде түсініп, сөйлесе алуға үйрете аламыз.

Келесі кезеңде сіз университетте оқуыңызды жалғастыра аласыз.

Біздің курстар:

Қазақ және орыс тілдері шет тілі ретінде: А1-А2

Курс ұзақтығы – 10 ай

Сабақтың басталуы: 1 қыркүйек

Оқудың аяқталуы: 30 маусым

Топтағы адам саны: 10

Аптадағы сағат саны: 22 сағат

Құжат қабылдау: 1 мамырдан 30 шілдеге дейін

Курс мазмұны: лексика, грамматика, оқылым, жазылым, сөйлесім, тыңдалым, елтану, қазақ/орыс тіліне кіріспе

Оқу ақысы: 640 000 теңге

 Қазақ және орыс тілдері шет тілі ретінде: В1-В2

Курс ұзақтығы – 10 ай

Сабақтың басталуы: 1 қыркүйек

Оқудың аяқталуы: 30 маусым

Топтағы адам саны: 10

Аптадағы сағат саны: 22 сағат

Құжат қабылдау: 1 мамырдан 30 шілдеге дейін

Курс мазмұны: лексика, грамматика, оқылым, жазылым, тіл ұстарту, БАҚ тілдері, мәдениетаралық қарым-қатынас тілі, ғылыми стиль, аудиовизуальды курс, Қазақстан тарихы мен мәдениеті, қазақ/орыс тіліне кіріспе

Оқу ақысы: 640 000 теңге

Қазақ және орыс тілдері шет тілі ретінде А1-А2 (интенсивті курс)

Курс ұзақтығы: 6 ай

1 қыркүйектен 28 ақпанға дейін ( құжат қабылдау 30 шілдеге дейін)

1 наурыздан 30 тамызға дейін (құжат қабылдау 30 қаңтарға дейін)

Топтағы адам саны: 5

Аптадағы сағат саны: 22 сағат

Курс мазмұны: лексика, грамматика, оқылым, жазылым, сөйлесім

Оқу ақысы: айына 110 000 теңге

Қазақ және орыс тілдері шет тілі ретінде А1 (интенсивті курс)

Курс ұзақтығы: 3 ай

1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін (құжат қабылдау 30 маусымнан)

1 қаңтардан 30 наурызға дейін (құжат қабылдау 30 қарашаға дейін)

1 сәуірден 30 маусымға дейін (құжат қабылдау 28 ақпанға дейін)

Топтағы адам саны: 5

Аптадағы сағат саны: 22 сағат

Курс мазмұны: лексика, грамматика, оқылым, жазылым, сөйлесім

Оқу ақысы: айына 110 000 теңге