Ғылым саласындағы жетістіктер

Ғылыми зерттеулерді орындау

2015 жылы университет ғалымдарымен 429 жоба іске асырылды, соның ішінде:

  • 332  жоба ҚР БҒМ 2013-2015 және  2015-2017 жж. арналған гранттық қаржыландыру бойынша;
  • 8  жоба ҚР БҒМ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында;
  • 10  жоба ҚР БҒМ «2013-2015 жылдарға арналған мемлекетаралық ынтымақтастық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар» бағдарламасы бойынша;
  • 2  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның жобасы; 
  • 77  ұйымдар және  кәсіпорындармен шаруашылық келісім-шарт аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • 181 халықаралық қорлар мен ұйымдар гранты.

Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі «Халық тарих толқынында» президенттік бағдарламасын іске асыру мақсатында университетте құрылған: «Геоархеология» Халықаралық зертханасы, «Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу», «Дүниежүзі тарихын зерттеу» республикалық маңызы бар үш ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыстарын жалғастыруда. 97,5 млн.тг. көлемінде «Ақпараттық-талдау орталығы» Акционерлік қоғамымен қаржыландырылған.

Халықаралық гранттар, тағылымдамалар

2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары 181 халықаралық қорлар мен ұйымдар грантын иемденді. Соның ішінде бірлескен халықаралық жобалар  саны – 58, оның 30 – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша, 28 – жаратылыстану мен техникалық ғылымдар саласы бойынша. 

2015 жылы университет оқытушылары мен ғалымдары 53 грант ұтып алып, 191 адам алыс және жақын шетелдік жетекші университеттер мен ғылыми мекемелерде біліктіліктерін арттырды. Ғылыми тағылымдамалар шетелдік ұйымдар мен қорлардың қаржылық қолдау көрсетулерімен, сондай-ақ ҚР БҒМ гранттық жобаралды іске асыру аясында өткізіледі. Тағылымдамадан өтетін елдердің ауқымы жылдан-жылға кеңейтілуде- Германия, АҚШ, Франция, Туркия, Корея, Қытай, Жапония, Польша, Чехия, Венгрия және т.б.

Баспа қызметі 

2015 жылы Университеттің қызметкерлері және оқытушыларымен 6613 ғылыми жұмыс жарияланды, оның 147-сі ғылыми монографиялар, оның ішінде 23 – шет ел, 124 – Қазақстан баспаларында жарияланған.

–  3476 ғылыми мақала, оның 393-і – шет ел жоғарғы рейтингті рецензияланған баспаларда, 612-сі – басқа халықаралық баспаларда, 1877-сі –ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің кеңесі берілген журналдар, 594-і – ҚР басқа баспаларында;

–  2545 конференция жұмыстары, оның 1003-і – республикалық, 917-сі – ҚР-дағы халықаралық, 351-і – жақын , 274-і – алыс шет елдерде.

Университеттің қызметкерлері мен оқытушыларымен 64 кітап, 262 оқу-әдістемелік құрал, 103 сөздік, анықтамалар мен жинақтар.

Жарияланым белсенділігі

  Thomson Reuters мәліметтер базасында тіркелген журналдарда 2015 жылы Қазақстан ғалымдарының  1229 мақаласы жарияланған. Оның ішінде ҚазҰУ-дың қызметкерлері мен оқытушыларының 241 мақаласы 78 жоғары рейтингті баспаларда, оның 71-і шет ел әріптестерімен бірлесіп жарияланған ғылыми жұмыстар.

Жоғары рейтингті баспалардағы университет ғалымдарының еңбектері

2015 жылы социогуманитарлы саласының ғалымдары арасында алғаш рет Verlag рейтингті баспасында жарияланған  «When Salary is not Enough...» монографиясының әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті Шеденова Назым Утегалиевнаның бөлімі жарияланды. Бұл мақала әлемнің бірнеше университтері ғалымдарының ұжымдық жұмысы болып табылады. «New Developments in Civil and Commercial Mediation» ұжымдық монографиясында құқықтану факультетінің профессоры Ф. Карагусов «The Legal Framework for Mediation in Kazakhstan: Current State, Expectations of Public Recognition and Perspectives for Development» бөлімін жариялады.

Сондай-ақ 2015 жылы «ЮНЕСКО-ның тұрақты даму кафедрасының оқытушысы Темирбаева К.А  ҚХР ғалымдарымен бірлесіп әлемдік жоғары дәрежелі «Nature» журналының баспасында «Young dispersal of xerophil Nitraria lineages in intercontinental disjunctions of the Old World» мақаласы Thomson Reuters мәліметтер базасында импакт-факторы 5,578 «Scientific Reports» журналында жарық көрді.

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) университетте мамандар дайындаудың міндетті бөлігі, ҚазҰУ оқу және ғылыми үдерістерін біріктіруінде шешілетін негізгі мәселесі болып табылады.

Университет жас ғалымдары мен студенттерінің жарияланымдары

Университет студенттері мен жас ғалымдарыәртүрлі ғылыми журналдар мен жинақтарда 8500 мақала мен тезистер жариялаған. Солардың 4110 – студенттермен, оның 285- шетелде; 2400– магистранттармен, оның 454-шетелде; 1990– докторанттармен, оның 652-шетелде жарияланған мақалалар мен тезистер. 

Студенттік бизнес - инкубатор

Студенттік бизнес инкубатор ғылым мен бизнестің түрлі салаларында және білім беру сапасы мен түлектердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға бағытталған жастардың инновациялық жобаларын дамыту мен құруға арналған   инфрақұрылымдық алаң болып табылады.

Университетімізде инновациялық жобалар конкурсын өткізу дәстүрге айналған. Ағымдағы жылда конкурсқа 84 инновациялық жоба қатысса, оның 32- жасыл экономикаға бағытталған жобалар болды.