Инновациялық жобалар

Инновациялық жоба - жаңа немесе жетілдірілген өнімді нарықта қолдана алатын,жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процессті тәжірбиеде пайдалатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.   Қазіргі кезде Қазақстанда инновациялық гранттың 9 түрі келесідей мақсаттарға беріледі:

Қазақстанда инновациялық гранттар бөлінетін басым бағыттарының тізімі:

Инновациялық гранттарға өтініштер қабылдауды тұрақты негізде АҚ«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»(ТДҰА) жүзеге асырады. Толық ақпаратты www.natd.gov.kz сайтында  қарауға болады.

ҚР Президенті- ұлт көшбасшысы Н.А. Назарбаевтың «Ұлт жоспары-қазақ армандарына жол» атты бағдарламалық мақаласының негізгі жағдайының орындалу барысында университет ғалымдары энергоэффективтілік, энергия көздерінің альтернативті жолдары, жасыл экономика барысында инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Инновациялық жобалар «Көміртегі наноматериалдарының негізінде жасалынған ылғал және механикалық деформацияны анықтайтын ЭМ сәуле шығаратын құрылғы дайындау (Жетекшілері: Габдуллин М.Т., Ильин А.М., Гусейнов Н.Р.)», «Жылулық және электірлі энергиялы автономды каскадты күн генераторы (Жетекшілері: Антощенко В.С.)», «Аса сынды ортада биодизельді отын алу үшін ағынды құрылғы жасау және дайындау (Жетекшілері: Шаповалов Ю. А., Гумеров Ф. М.)» және т.б.

АҚ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік», Автономды кластерлі фонд «ИТП», АҚ «Ғылым қоры», АҚ «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры», АҚ «Ұлттық басқарушы холдингі» «Байтерек», еншілес қорлар және Бүкіл әлемдік Банк және т.б. даму институттарымен коммерциаландыруға дайын инновациялық жобаларды көтеру мақсатында инновациялық жобаларды іріктеу, іс-шаралар және көрмелерге қатысу бойынша үзіліссіз байланыс қамтамасыз етіледі.

2015 жылы университет ғалымдары зерттеу жұмыстарын Жану мәселелері институтының инновациялық кәсіпорны болып табылатын заманауи ғылыми-зерттеу орталығы «ЖАЛЫН»- ғылыми-техникалық өндіріс орталығында ендірді.

 2015 жылдың 23 қарашасында география және табиғатты пайдалану факультет қызметкерлерімен ЖШС «ДАТ» Маратович кіші инновациялық өндірісі құрылды. Оның негізгі мақсаты картография-геодезиялық жұмыстарды жүргізу бойынша тәжірбиелік жұмыстар алуға бағытталған.

Атқарылатын жұмыстар түрлері:

  • Топографиялық түсірілімдер, съемки, жоспарлы-биіктік түсірілімдер жүйесін құру, орындалушы түсірілімдер;
  • Аумақ ауданы мен шекараларын анықтау;
  • Жердегі жұмыстардың көлемін анықтау.